Accessibility links

Тәуелсіздік кезеңіндегі қарсылық әндер


"Өзенмұнайгаз" компаниясының өртеніп кеткен ғимараты мен Назарбаевтың жарнамасы. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.
"Өзенмұнайгаз" компаниясының өртеніп кеткен ғимараты мен Назарбаевтың жарнамасы. Жаңаөзен, 19 желтоқсан 2011 жыл.

Қазақтың дәстүрлі әніндегі қарсылық билеушілерге, орыс, қытай отаршылдығына арналса, алаш кезеңіндегі әндерде «атқа мінуге», яғни саяси көтеріліске шақыру басым болды. Ал тәуелсіздік кезеңінде туған қарсылық әндері қандай?

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған тұста туған қарсылық әні ретінде Шынболат Ділдәбаевтың «Шындық туралы» атты термесі мен Табылды Досымовтың «Замани зар» әнін атауға болады.

«ШЫНДЫҚТЫ АЙТЫП ШЫҢҒЫРАТЫН КЕЗ КЕЛДІ»

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін қазақ қоғамы бір сәт өткенге сын көзқараспен қарағандай болды. Осы кезеңде өткенді қаралау, заманында бет қаратпаған Совет жүйесін сынау тұрғысындағы туындылар тек публицистика мен әдебиетте ғана емес, ән жанрында да пайда болды. Осы тұста ел арасына ерекше екпінмен тарап, «хитқа» айналған толғау – «Шындық» деп аталатын терме еді.

– Сөйле, тілім, алаңдама, тартынба!
Найзағайдай шындықты айтып жарқылда!
Қалай ғана өмір сүрдім дей алам,
Бір ауыз сөз қалмаған соң артымда?!
Ресей президенті Борис Ельцин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының (ТМД) құрылғанын жариялап отыр. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.
Ресей президенті Борис Ельцин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымының (ТМД) құрылғанын жариялап отыр. Алматы, 21 желтоқсан 1991 жыл.

Заман қалай, адам қалай өзгерді,
Өзгергенді, шүкір, қазір көз көрді.
Арың менен ақиқаттың алдында
Шындықты айтып, шыңғыратын кез келді, - деп басталатын бұл терме Қазақстан тәуелсіздік алған тұстағы қарсылық сарындағы жырдың алғашқы қарлығашы еді.

Компартияның қырағылығының «арқасында» тек махаббат туралы лирикалық әндер мен отан мен партияны мақтаған жырлармен сусындап келген халыққа мұндай жыр төбеден жәй түскендей әсер етті. Еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін жаттап алды.

Сеніп өскен халық едік малына,
Малын алса, қайтсін халық налымай?!
Америка, Түркияға, Қытайға,
Жетіскеннен шашылдық па тарыдай?

Әке тұрып сөйлеп кетті баламыз,
Ағайыннан алыс кетті арамыз.
Үш миллион - аштан өлген бабамыз,
Қалғанымыз қайда кетіп барамыз?, - деп келетін терменің негізгі мазмұны - компартия билеген жетпіс жылда барынан айрылған қазақтың өкінішін сөз ету мен жоғын түгендеу. Қазақстанның дербес билігінен зор үміт күткен халыққа кеше ғана өткен, тіпті әлі қош айтысып үлгермеген (терме 1991 жылы шыққан еді) жүйені бұлайша сынау, қарсы сөз айту ерекше ерлік болып көрінді.

Өкінішке орай Шынболат Ділдәбаевтың өз орындауындағы аталған терменің толық нұсқасы еш жерден табылмады. Біздің қолымызға түскені қысқартылған үлгісі.
"Шындық" термесі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:46 0:00
Жүктеп алу



«ТЕКСІЗДЕН ТУҒАН ТЕЗЕКБАС»

Домбырамен айтылатын Шынболаттың термесінен кейінгі қарсылық әндерінің түгелге жуығы – «гитара әндері». Бұл әндердің сөзі көбінше қалыптасқан әдеби нормаға сай келе бермейтіні, ауызекі, тіпті жастар тіліне жақын болғаны белгілі.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылы дүниеге келген екінші ән - Табылды Досымовтың «Замани зары» еді. Дәл Шынболаттың термесіндей қарқынмен ел арасына таралмаса да, бұл туынды жастар арасында танымал әндердің бірі болды. Әншінің:
Бард әнші, марқұм Табылды Досымов.
Бард әнші, марқұм Табылды Досымов.

- Асау ұлдары асқарға жетпей,
Биікке жетпей түу асқар.
Төрт-бес жандығын тозға сап тозып,
Жүнжіп кеткенде жуастар.
Қайын атасын кәмпелескелетіп,
Көк етік киіп бәлденді,
Ауызы асқа жарымай өскен,
Шұлғаудан шыққан шуаштар, - деп деп келетін жыр жолдарындағы «Шұлғаудан шыққан шуаштар» компартияның басында отырған билікшіл топ еді. «Барлық елдің пролетариаты бірігіңдер» ұранымен құрылған тоталитарлық жүйеде билікке дәстүрлі қазақ элитасының өкілдері, қалыптасқан тіркеспен айтқанда «жақсы мен жайсаңның» емес, кедей таптың өкілі келетін ереже болған.
"Замани зар". Орындаған - Табылды Досымов.
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00
Жүктеп алу


- Маңдайға жазған тағдырдың соры -
Қазаққа ғана қазақ қас.
Сондықтан зармен табақтас бол да,
Азапты мініп, тозаққа ас.
Терегің қурап, тектерің тулап,
Итжеккен асып кеткенде.
Теңселген елге сен төре болдың,
Тексізден туған тезекбас, - дейді Табылды Досымов.

ЖАҢАӨЗЕННЕН КЕЙІН ТУҒАН «ГИТАРА ӘНДЕРІ»

1991 жылдан 2011 жылға дейінгі аралықтағы 20 жылда Қазақстан билігіне қатысты сыни тұрғыда бірде-бір ән туған жоқ деуге болады. Алайда 2011 жылдың 16-сы күні Маңғыстау облысына қарасты Жаңаөзен қаласында еңбек дауымен алаңға шыққан мұнайшыларға билік тарапынан оқ атылғаннан кейін, билікке қарсы әндер мен өлеңдер шоғыры шықты. Солардың бірі – батысқазақстандық Жанат Есентаев. Ол ереуілге шыққан елдің ортасында болып, билікке өз қарсылығын ашық білдірді.
Бард әнші Жанат Есентаев Жаңаөзен оқиғасынан үш күн өткенде ереуілшілер арасына келіп, ән айтты. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл.
Бард әнші Жанат Есентаев Жаңаөзен оқиғасынан үш күн өткенде ереуілшілер арасына келіп, ән айтты. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл.

Жанат - бард әнші. Өлеңдері де жалпы жұртқа бейтаныстау келетін бард мәнерінде шықты.

- Өзің ғой басшы боп тұрып,
Халықты неге атасың?!
Әкеңнен қалса бір сірә,
Байлықты неге сатасың!? - деп жырлады Жанат.

– Жиырма жылда не өзгерді елімде.
Келімсектер шығып алды төріме.
Сол баяғы сайлап алған басшымыз,
Әлі он жыл отырмақшы кемінде, - деп басталатын Жанат Есентаевтың бұл әні де осы Жаңаөзен оқиғасынан кейін туған еді.

Осы әнімен мазмұндас, екінші бір әнінде Жанат Есентаев:

– Өз халқын автоматпен атқандар,
Ұлтын, тілін, ар-намысын сатқандар, - деп билікке тікелей тіл қатады.

Мұнан басқа Жанат Есентаевтың

– Өз қазағым өзімді,
Талап жатса қайтейін.
Жұрдай қылып елімді,
Тонап жатса қайтейін.
Сөйлегендер шындықты,
Қамап жатса қайтейін.
Көрсетпек боп зорлықты,
Сабап жатса қайтейін, - деп басталатын «Қайтейін» атты әні де осы Жаңаөзен оқиғасынан кейін туды. Әнші бұл әнінде де қарапайым халыққа оқ атқан билікті ашық сынап, өзінің азаматтық қарсылығын әнмен білдіреді.

Жанат Есентаевтың «Қайтейін» әнін Youtube желісінен алынған мына бір видеодан тыңдай аласыз:


«ОРАЛМАНМЫН - БАР КІНӘ»

Өзін Нұрлан сал деп атаған автордың «Мерт болған адайдың соңғы зары» деп аталатын әні де осы Жаңаөзен оқиғасынан кейін туған қарсылық әні.

Әннің негізгі мазмұны – Түркіменнен келген оралман адайдың қапыда қаза болуы.

– Мен түркімендік адай ем,
Оралманмын - бар кінә.
Қорғаймын деп құқымды,
Қыршын өмір қырқылды, - деп басталатын ән - Жаңаөзен оқиғасынан кейін, билік тарапынан оралмандарды жазғырған сөз айтылғанда шыққан ән. «Жаңаөзендегі оқиғалардың негізгі ұйымдастырушылары - Түркіменстаннан, Өзбекстаннан келген, жақында ғана Қазақстан азаматтығын алған адамдар» деген ресми сөзге (авторы - Қазақстан президентінің саяси кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев) қарсылық.

- Зар жылайды анам да,
Оралманмын - бар кінә.
Жауыздарды оқ атқан,
Қарғап өтші ел-пана, - келетін ән бүгінгі билікке оралмандар атынан айтылған өкпеге ұқсайды.
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00
Жүктеп алу


ОРЫСША ӘН

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі билігіне қарсы орысша әндер де шықты. Соның бірі - өткен жылғы Шұбарши-Кеңқияқ оқиғасына арналған, жас әнші Тимур Туружановтың әні.
Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылының тұрғыны Тимур Туружанов ән жазуға дайындық үстінде. Сурет "Мой Мир" әлеуметтік желісінен алынған.
Ақтөбе облысы, Кеңқияқ ауылының тұрғыны Тимур Туружанов ән жазуға дайындық үстінде. Сурет "Мой Мир" әлеуметтік желісінен алынған.

2011 жылы шілде айында Ақтөбе облысы Темір ауданында белгісіз топ пен полиция арасындағы қарулы қақтығыстан 17 адам (бесеуі - полицей, 12-сі – қарулы топ мүшесі) қаза тапқан еді. Ресми орындар полицияға қарсылық көрсеткендерді «дінді жамылып, мұнай ұрлаумен айналысқан топ» деп атады.

Кеңқияқ тұрғындары «бұл әнді тыңдағандар көзіне жас алатынын» айтады. Ал жергілікті клубта бұл әнді айтуға тыйым салынды.
Кеңқияқ ауылының тұрғыны Тимур Туружановтың әні.
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:38 0:00
Жүктеп алу
XS
SM
MD
LG