Түркіменстанда ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің қайтыс болғаны туралы қауесет таратқандарды ұстап жатыр. Түркімен эстрадасы жұлдыздары "президент денсаулығы" жайлы "жалған хабар" таратушыларға сенбеуге шақырды.
Қытайдағы гендерлік алшақтық кесірінен елге шеттен әйелдерді алдап шақыру немесе ұрлап әкетіп, күштеп және қорқытып жыныстық саудаға салу, басыбайлы күңге айналдыру белең алған.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Осы аптада аймақ баспасөзі апат алдында тұрған Жайық өзенінің ахуалы мен "Тальго" пойызында жолаушыны зорлаған айыпталушылар ісіне байланысты мақала жариялады.
Өзбекстанның триатлон федерациясының жетекшісі, Шавкат Мирзияевтің күйеу баласы Отабек Омаров бұрынғы президенттің қызы Гүлнара Каримовадан кәмпескеленіп алынған резиденцияны иеленуі мүмкін.
Батыс баспасөзі Қазақстан үкіметінің жергілікті интернет қолданушылардың HTTPS трафигін жолдан бақылап отыруға кіріскенін сынап жатыр.
26 шілдеде Қырғызстан мен Тәжікстан президенттері Сооронбай Жээнбеков пен Эмомали Рахмон Ақ-Сай (Қырғызстан) мен Ворух (Тәжікстан) шекарасы түйіскен тұста кездесті. Бірнеше күн бұрын бұл жерде кезекті рет жанжал болып, бір адам қаза тапқан. Жиырмадан астам адам жараланған.
Ауғанстан халқын апта сайынғы содырлар шабуылы ғана емес, ауаның ластануы да абыржытып отыр. Жыл сайын он мыңнан аса адам ауаның ластануынан болатын дерттен көз жұмады екен.
АҚШ-та 2016 жылы өткен президент сайлауына Ресейдің араласуын тексерген топты басқарған бұрынғы арнайы прокурор Роберт Мюллер шілденің 24-і күні АҚШ конгресі өкілдер палатасының екі комитетіндегі тыңдауда сөз сөйледі.
Семей соты “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Шілденің 24-і күні Семей қалалық №2 соты "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырмады.
Нұр-Сұлтан соңғы уақытта заңсыз Қытай тауарлары Қазақстанға Қырғызстан арқылы өтіп жатқанын мәлімдеді. Сарапшылар екі ел бір-бірін айыптай бермей, Қытайдан келетін контрабандамен бірігіп күресу керек деп санайды.
Алматы қаласы полиция департаменті шілденің 22-сі күні журналистерге жасалған шабуылға байланысты тергеу бастағанын хабарлады. Қазақстандық желі қолданушылары мен құқық қорғаушылар биліктен тілшілердің кәсіби қызметіне кедергі келтіргендерді тауып, жазалауды талап етті.
22 шілдеде Азаттық тілшілеріне шабуылдаған әйелдердің бірі 15 шілдеде Алматы қаласы Алатау аудандық әкімдігіндегі аналар наразылығында да жүрді. Әкімдікке келген аналар екі айдан бері атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүргендерін айтқан. Сол кезде бұл әйел аудан әкімі Шахмерден Рыспаевтың әр сөзін қ
Татарстанда мұсылмандары биліктің мешітте камера орнату шарасына қарсы шықты. Тұрғындар "мешітке камера қою - адам құқығын бұзу" десе, шенеуніктер "камера мешітке келушілердің қауіпсіздігі үшін орнатылатынын" айтады.
22 шілдеде белгісіз біреулер Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева мен оператор Тоқмолда Құсайыновқа шабуыл жасады. Олар қазақстандық адам құқығы бюросындағы баспасөз жиынына барған.
Алматыда қазақстандық адам құқығы бюросындағы баспасөз жиынына барған Азаттық пен өзге де бірқатар БАҚ өкілдеріне белгісіз адамдар шабуыл жасады. Олар журналистердің техникасын сындырып, жоспарлы шараны өткіздірмей тастады.
Алматыда қазақстандық адам құқығын қорғау және заңдылықты сақтау бюросына баспасөз жиынына қатысуға барған Азаттық пен өзге де БАҚ тілшілеріне белгісіз адамдар шабуыл жасады.
Шілденің 21-і күні Украинада парламент сайлауы басталды.
Тағы