Қытайдың Тяньаньмэнь алаңында болған наразылықтың 30 жылдығы қарсаңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Пекин адам құқығын бұзуды әлі жалғастырып жатыр деп сынады. Помпео мәлімдемесіне Қытайдың АҚШ-тағы елшілігі жауап беріп, оның сөзін жоққа шығарды.
Маусымның 1-і күні Ресейдің Дзержинск қаласындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 85 адам зардап шекті.
Осы аптада аймақ баспасөзі Қарағандыда кісі қолынан қаза тапқан белсенді Ғалы Бақтыбаев жайлы жазды. Жергілікті басылымдар сонымен бірге Оралда сайлауды бақылайтын тәуелсіз орталық құрылғанын хабарлап, Ресеймен шекаралас аймақтағы қазақ ауылының тіршілігіне тоқталды.
Алматы облысы Жаңалық ауылында репрессия жылдары атылған 168 адамның сүйегі қайта жерленді. Сүйектерді өткен жылы ауыл тұрғыны ауласынан тауып алған. Бұл адамдардың репрессия кезінде атылғанын сот сараптамасы анықтаған.
Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасындағы теледебат мемлекеттік "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.
Екі жылға жуық уақыттан кейін Михаил Саакашвили Украина аумағына еркін кіріп-шығу мүмкіндігіне ие болды.
Ресейдің Сургут қаласында Сталин мүсінін орнататын жер іздеуге кірісті. Совет билігі тұсында жер аударылғандардың ұрпағы бұл бастамаға қарсы.
Қырғызстан социал-демократиялық партиясы саяси кеңесі елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың оққағары Дамир Мусакаевты бас бостандығынан айыру туралы сот үкімінің саяси астары бар деп мәлімдеді. Алайда кейбіреулер сот әділ үкім шығарды деп санайды.
Индонезия астанасы Джакартада мыңдаған адам екінші рет сайланған президент Джоко Видодоға қарсы наразылыққа шықты. Наразылық кезінде алты адам қаза тауып, 200-ге жуық адам жараланған.
Өзбекстан бір аптадан астам уақыт шекарада бөгелген жүк көліктеріне ел аумағына кіруге рұқсат берді. Қырғызстаннан цемент әкеле жатқан жүзден астам көлікті өзбек жағы белгісіз себеппен шекарадан өткізбей қойған еді.
Өзбек-түркімен шекарасында түркиялық жүз шақты жүк көлігінің қаңтарылып тұрғанына үш аптадан асты деп хабарлайды түрік басылымдары.
Мамырдың 20-ы күні Украина парламентінде Владимир Зеленский халыққа адал қызмет етуге ант етіп, ел президенті қызметіне кірісті. Ұлықтау рәсімінде сөйлеген Зеленский Жоғарғы раданы тарататынын айтты.
Мамырдың 19-ы күні кешкісін Тәжікстанның Вахдат аймағындағы түрмеде бүлік болып, 32 адам қаза тапты. Бұл туралы елдің әділет министрлігі хабарлады. Мерт болғандардың үшеуі – түрме қызметкері. Бүлік кезінде 29 жазасын өтеуші өлген.
Грузияның бұрынғы президенті Георгий Маргвелашвили қызмет өкілеті аяқталғаннан кейін саясаттан кетті. Өзі тұрғызған шағын үйді туристерге жалға беріп табыс тауып отырған ол меймандарға бақшасында өсірген жеміс пен көкөніс ұсынады.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Ақтөбеде билік партиясынан президенттікке кандидаттың тегі мен сайлау ұрандары жазылған жейде киген оқушылардың қатысуымен өткен дайындықты мектеп басшысы "сайлаудан басқа" шараға әзірлік деп түсіндірді. Кандидаттың штабы бұл шараға қатысы жоқ екенін айтады.
Қазақстан жоғарғы соты президенттікке үміткерлерді іріктеу кезеңінде қазақ тілі сынағынан өтпей қалған Жұматай Әлиевтің тіл комиссиясы шешіміне қарсы түсірген арызын қанағаттандырмады. Сот шешімімен Әлиев те, оның адвокаты да келіспейді.
Ресейдің "Первый канал" арнасы "Голос Дети" шоуының нәтижесін жарамсыз деп жариялады. Кибершабуылдарды анықтаумен айналысатын Group-BI халықаралық компаниясы дауыс беру кезінде "ереже бұзылғанын анықтаған".
Мамырдың 16-сы күні Нұр-Сұлтанда көп балалы аналар Тоқаев пен Назарбаев қатысып жатқан Астана экономикалық форумына келіп, ғимарат алдында билікке талаптарын айтты.
Тағы