Мамырдың 16-сы түнде Алматы облысы Қарасай ауданындағы қоқыс полигоны өртеніп, қалаға түтін мен ыс иісі жайылды.
15 мамырда өткен Қазақстан мәжілісінің отырысынан соң цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 9 мамыр күні қатарында Азаттық радиосы бар бірнеше БАҚ пен әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты жауап берді.
Әлеуметтік желіде Өзбекстанның тәуелсіз баспасөз құралдарын қолдау қоғамдық қорының қамаудағы басшысының ел президентіне үндеуі жарияланды. Ол өзіне қарсы "алаяқтық" бабы бойынша қозғалған істі кәсіби қызметімен байланыстырады.
Мамырдың 9-ы күні Қазақстанда оннан астам сайт пен әлеуметтік желі бұғатталды. Әлемдегі интернет еркіндігін бақылайтын халықаралық NetBlocks тобының атқарушы директоры Альп Токер бұл жолғы бұғаттау жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-қимылды көрсетті деп санайды.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда 1 мамырдағы наразылық шарасынан кейін 10 тәулікке қамалған бірнеше тұрғын 12-13 мамырда бостандыққа шықты.
Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бөлім бастығы Максат Мамытканов жағар-жанармай контрабандасы кесірінен ел бюджеті жыл сайын 5 миллиард сомнан артық қаржыдан қағылатынын айтады.
Ауғанстан билігі белгілі бұрынғы әйел тележурналистің Кабулда қастандықтан қаза тапқанын мәлімдеді.
Жыл сайын постсоветтік елдер Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерге ақшалай сый жасайды. 2019 жылы әр ел ардагерлерге қанша сый берді?
Қырғызстан парламенті төрағасының орынбасары Азаттық журналисі Ыдырыс Исаковқа қолдау білдірді. Депутат журналистің зерттеу мақаласының кейіпкері, бизнесмен Жалил Атамбаевқа қатысты тергеуді соңына дейін жеткізуге шақырды.
Тәжікстан білім және ғылым министрлігінің кемінде бес қызметкері әлеуметтік желілерде жалған аккаунт ашып, түрлі сайттарға комментарий жазып, "тролль фабрикасында" жұмыс істегендерін мойындады. Министрлік ондайға қатысы барын жоққа шығарады.
9 мамыр Жеңіс күні Витебск (Беларусь) қаласында «Мәңгілік полк» шеруі өтпейді. Ал Минск қаласында шерудің өтетін орны өзгерді. Ал Қазақстандағы Ақтөбе қаласында жергілікті билік «Мәңгілік полк» шеруі өтпейтінін хабарлады.
6 мамырда Орал қаласы әкімдігінің қасындағы орталық алаңға жазу жазылмаған плакат ұстап шыққан 24 жастағы жергілікті тұрғын Аслан Сагудиновті полиция қызметкерлері ұстап әкетті.
ОСК жеті адамды Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде тіркеді. Әу баста кезектен тыс президент сайлауына тоғыз үміткер ұсынылған еді.
Қазақстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) қол жинау кезінде "штабы заң ережесін бұзған" деп хабарлаған президенттікке кандидат ресми түрде тіркелді. Заң бұзылғаны белсенді студенттердің арқасында анықталды.
Мәскеуде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, ондаған адам опат болды. Алдын ала ақпарат бойынша, Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонған соң өртенген ұшақтан адамдардың бір бөлігі сыртқа шыға алмай қалған.
Қазақстандағы Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі жасау оқиғалары күллі әлемде биліктің ақпаратты бақылауда ұстау үшін кез келген әрекеттен тайынбайтынын және ең батыл деген журналистерге үнемі қауіп-қатер төнетінін аңғартты.
Тәжікстанның Варзоб шатқалындағы "Харангон" санаторийіне жақында Ирактан ұшақпен жеткізілген ондаған тәжік баланы орналастырды. Олар - Таяу Шығыстағы соғыс аймағында қаза тапқан я хабарсыз еткен "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы мүшелерінің балалары.
Мамырдың 1-і күні Алматы пен Нұр-Сұлтанда мерекелік шара өтіп жатқан маңға жиналған адамдар билікке наразылық білдіріп "Сайлауға - бойкот!", "Әділ сайлау талап етеміз!", "Масқара!" деп айқайлады. Екі қалада полиция бірнеше адамды ұстап әкетті.
Баннер іліп 5 тәулікке қамалған Роман Захаров бір күн өтпей босап шықты; Бас прокуратура қазақстандықтарға "1 мамыр мерекесінде митингіге шықпаңдар" деп ескертті.
АҚШ-тың діни еркіндік жөніндегі комиссиясы (USCIRF) Халықаралық діни бостандық жайлы 2018 жылға арналған есебін жариялады. Есепте 2018 жылы Қазақстанда діни бостандық жағдайы сәл жақсарғанын, бірақ елде діни наным-сенімді шектеу әлі жалғасып жатқаны айтылған.
Тағы