Суданның мемлекеттік ақпарат құралдары әскерилердің жақын арада "өте маңызды мәлімдеме" жасайтынын хабарлады.
"Хорватияның территориялық тұтастығын сақтай отырып, инфрақұрылымды дамыту саласында әріптестік орнатқымыз келеді” деді Қытай премьер-министрі.
Ресей президенті Владимир Путин Арктика аумағында табиғи ресурстарға бәсеке қызған шақта жаңа порттар мен өзге де нысандар салып, атом мұзжарғыш кемелерінің санын ұлғайтатынын хабарлады.
9 сәуірде Алжир парламенті жоғары палата спикері Әбделқадыр Бенсалехті елдің уақытша президенті қылып тағайындады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы мерзімін жариялаған президент Тоқаев сайлаудың "ашық, әділ өтетінін" айтты.
2010 жылы Қырғызстанда болған Сәуір революциясына тоғыз жыл толды. 7 сәуірде елдің қазіргі президенті Сооронбай Жээнбеков пен экс-президент Роза Отунбаева «Ата-Бейіт» мемориал кешеніне барып, революция құрбандарының рухына тағзым етті.
Алтай Республикасының шалғай аумағында орналасқан Аргут шатқалында бұрын браконьер болған бес азамат қар барысының қорғаушысына айналған. Қазір аңшылар жыртқыш аңның терісі мен етін емес, олардың суретін олжа санайды.
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін.
Алжир астанасындағы наразыларды қолдау үшін аймақтан да азаматтар келген.
Осы аптада аймақ басылымдары атаулы әлеуметтік көмек алу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы ұзын-сонар кезек пен құжаттар рәсімдеудегі қиындықтарға тоқталған.
Қырғызстан парламенті бұрынғы президенттерді тиіспеушілік құқығынан айыратын заң жобасын үшінші оқылымда мақұлдады.
Қырғызстанның "Ақ тілек автожол" өткізу бекетінде 200-ден аса жүк көлігі Қазақстан аумағына кіре алмай кезекте тұр. Азаттық тілшілері көлік жүргізушілерінің жағдайымен танысып қайтты.
Түркіменстанда заң жүзінде әйелдердің көлік айдауына тыйым салынбағанымен іс жүзінде әйел жүргізушілердің көлік айдауына кедергі көп.
Қазақ-қырғыз шекарасындағы екі бекетте жүк автокөліктерінің жиналып қалғанына аптадан асты. Қазақстан бұған "жүк тасымалдаушылардың тексеруден өтуге құлықсыздығы" себеп болып отыр деп түсіндіреді. Қырғызстан жағы әзірге комментарий берген жоқ.
Украинада сайлау комиссиялары хаттамаларының 50 пайыздан астамы саналғаннан кейін президенттікке кандидат шоумен Владимир Зеленский алда келеді. Ол елдің қазіргі президенті Петр Порошенкодан екі есеге жуық артық дауыс жиған. Сарапшылар екеуі сайлаудың екінші турына өткенін айтады.
Наурыздың 31-і күні Украинада президент сайлауы басталды. Орталық сайлау комиссиясы президенттіктен үміткер 39 азаматты тіркеген.
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы “Ақ-тілек автожол” өткізу пунктінде кезекте тұрған жүк көліктерінің саны 30 наурыз күні 170-ке жетті.
Осы аптада аймақ басылымдары ел астанасының атын өзгертуге байланысты ұйымдастырылған қолдау акциясына кейбір қалада жастарды қатысуға мәжбүрлегенін жазды.
Полиция жиналғандарға көзден жас ағызатын газ қолданып, су шашқан.
Тағы