Ресейдің Киевтегі елшілігі алдына жиналған белсенділер "агрессор-елмен" байланысты үзуді талап еткен.
Ресей сайлаушылары наурыздың 18-і күні дауыс беріп жатқан ел президенті сайлауы бұған дейін осы қызметте үш мерзім отырған "негізгі кандидаттың" кезекті жеңісімен аяқталатынына ешкім күмән келтірмейді.
18 наурызда өтетін Ресейдегі президент сайлауында Владимир Путин - фаворит. Билікке таласта оған кімдер негізгі қарсылас болмақ?
Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі соты түрмеде жазасын өтеп жатқан кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдиді бұрынғы "ТұранӘлем Банк" жетекшісі Ержан Тәтішевті "тапсырыс бойынша атып өлтіргені" үшін айыпты деп танып, 10 жыл 6 айға бас еркіндігінен айыруға үкім етті.
Ресейдегі президент сайлауы қарсаңында барлық кандидатқа теңдік берілгендей көрінгенімен, олардың арасында бір кандидатқа ерекше басымдық беріліп жатқаны аңғарылады.
Астанадағы Орталық Азия басшылары жиынына Қазастан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркменстан мәжілісінің спикері Акджа Нурбердыева келді. 15 наурыз 2018 жыл.
Facebook-тегі жазбасы үшін шымкенттік белсендінің үстінен "Әлеуметтiк араздық қоздыру" бабы бойынша іс қозғаған
Ауғанстанда діни консерваторлардың дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлауға қарсы бастаған шарасы елдің наразылығын туғызды.
Екі ел президенті жеміс-жидек, көлік саудасы, Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.
Орталық Азия елдері басшылары наурыздың 15-і күні Астанада кездесіп, бірінші рет мәселелерді өзара талқыламақ.
Алтай аймағындағы шалқан халқы соңғы кезде өз ұлтын құжатқа жаздырта бастады. Алтайлықтар құрамынан аз ұлттар тобына өткен шалқандарға сол үшін сотқа шағым түсіру керек болады.
Аягөз қаласының тұрғыны Қайрат Сариннің су жайылғаннан соң құлаған үйі. Қайраттың кәмелетке толмаған бес баласы бар.
Шығыс Қазақстан облысында бір тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы жауып, жайылған судан ондаған үй зардап шекті.
Қытай ондаған жылдар бойы мызғымай келе жатқан билік ауыспалылығы принципінен неге бас тартты? Ресейлік қытайтанушы маманмен сұхбатта осы туралы айтылады.
Алматыда үш күн бойы ұйымдастырушылар "Гендерлік теңдік апталығы" деп атаған FemAgora фестивалі өтті. Ол Қазақстанда халықаралық әйелдер күні мерекесімен қатар өтті.
Ондаған адам көшіріліп, Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланып, Өскемен-Алматы жолының бірнеше тұсын су алған.
Қырғыз аспаздары Гиннестің рекордтар кітабына ену үшін салмағы 1464 келі ет асып, ұзындығы 117 метр шұжық әзірлеген.
Болгария вице-премьері Валерий Симеонов Мәскеу мен күллі Русь патриархын "КГБ агенті" және "Ресейдің темекі митрополиті" деп атады. Болгария ұлттық телеарнасы эфирінде Симеонов орыс патриархы туралы: "Шіркеу қажеті үшін 14 миллиард доллардың акцизсіз темекісі мен төрт миллиард доллардың шарабын әкелген. Оның жеке меншік ұшағы да бар. Ал қолындағы сағаты 30 мың доллар тұрады. Бұл православие дінбасы емес. Бұл – агент Михайлов, советтік КГБ-ның екінші қатарлы агенті" деп мәлімдеген.
Тағы