Жануарлар құқығын қорғау ұйымдары Ресейде әлем чемпионаты алдында қаңғыбас иттерді жою жұмыстарына наразы. Олардың айтуынша, бұл шараны министрлік қолдап, миллиондаған рубль бөлген.
20 қаңтарда Дональд Трамптың АҚШ президенті қызметіне кіріскеніне жыл толады. Осы кезеңде Ақ үй басшысының кей шешімдері мен мәлімдемелері түрлі реакция туғызды
Ауған жігіттері Пяндж өзенінің арғы бетінен қалыңдық немесе көңіл жарастыратын қыз-келіншек іздеу үшін Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас территориясында қолданылатын тәжікстандық sim-карталарды жиі пайдаланады. Бірақ шетелдіктердің телефон қоңыраулары кей абоненттерге қолайсыздық тудырады.
Астанада соты өткен белсенді Макс Боқаевты қай түрмеге ауыстырмақ? Пәкістан мен Үндістан шекарашылары бір-біріне тағы оқ атты.
Қырғызстанның сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық сайлау комиссиясы Омурбек Бабановтың парламент депутаты мандатынан бас тартатыны туралы берген өтінішін қанағаттандырмады.
Вашингтон мен Брюссель Әзербайжан сотының оппозициялық журналист Афган Мухтарлыға қатысты үкімін айыптады. АҚШ пен Еуропа одағы Тбилисиден Мухтарлыны Грузия астанасынан ұрлап әкету жайттарын жан-жақты тексеруді талап етті.
Қаңтардың 16-сында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тағы үш күндік ресми сапар аясында Ақ үйде президент Дональд Трамппен кездесті.
«АҚШ Ресейге қарсы санкцияларын кеңейтіп, Кремльдегі орта деңгейлі шенеуніктер мен бизнес өкілдерін қара тізімге қосады екен» деген әңгіме шыққалы Мәскеудегі біраз адамнан маза кетті.
16 қаңтарда татар қайраткері, дін ғұламасы Шаһабутдин Маржанидың туғанына 200 толды. (Видео татар тілінде).
"Кінәсіз адамды жауапқа тартты" деп айыпталған бұрынғы прокурор мен тергеуші соты басталды. Бағдатта қанды жарылыс болды.
13 қаңтарда Австрия астанасы Венада жақында жаңадан құрылған оңшылдар үкіметіне қарсы шеру өтті.
АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтардың 16-күні Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі.
Биыл қаңтардың басында ЮНЕСКО жойылып бара жатқан тілдердің жаңартылған атласын жариялады. Ұйым есебінше, Ресейде 136 тілге қауіп төніп тұр. Қазір 20 тіл жойылып бара жатыр, тағы 22 тіл мүшкіл халде деп деп танылды.
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы компаниясының Қазақ қызметі жаңа қызмет орнына байқау жариялайды.
Астана боранның зардабын санап жатыр, Қызылжар ауданындағы Бескөл ауылында жер дауы күшейді, Шығыс Украинада атыс жанданды.
Қазіргі Алматыны Нұрлан Әбішевтің пейзаж картиналарынсыз елестету мүмкін емес. Суретші қалаға деген сүйіспеншілігін қыздарына деген әкелік махаббаты оятты деп түсіндіреді.
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы түз далаға Қытай тауарларын Еуропа, Ресей және Орталық Азияға экспорттайтын орасан үлкен құрлық порты салынды. Болжам бойынша, "Жаңа Жібек жолы" жобасы жүк жеткізуді бірнеше есе тездетуі тиіс. Скептиктер оны авантюралық жоба деп атап, ол өзін өзі ақтамауы мүмкін деп санайды.
Тағы