Қазақстан мен Қытай шекарасындағы түз далаға Қытай тауарларын Еуропа, Ресей және Орталық Азияға экспорттайтын орасан үлкен құрлық порты салынды. Болжам бойынша, "Жаңа Жібек жолы" жобасы жүк жеткізуді бірнеше есе тездетуі тиіс. Скептиктер оны авантюралық жоба деп атап, ол өзін өзі ақтамауы мүмкін деп санайды.
Тергеу орындары жауап алуға шақырғаннан кейін шетелге кеткенін мәлімдеген Марғұлан Сейсембаев "БТА банктен ақша ұрлаған" деп айыпталған бұрынғы бизнес-әріптесі Ескендір Ерімбетов шетелде қуғында жүрген Мұхтар Әблязовтың серігі саналатын адамға қысым жасау мақсатымен тұтқындалған болуы мүмкін деп санайды. Ол өзі мен отбасының қауіпсіздігіне кепілдік берілсе ғана елге оралатынын айтады.
Қырғызстанда былтыр экстремистік және террорлық сипаттағы ақпарат таратқан 150-ден аса веб-сайт бұғатталған. Олардың көпшілігі елде қызметіне тыйым салынған ұйымдармен байланысты болған. Діни сарапшылар жастарды әлеуметтік желілер мен веб-сайтта арқылы азғыру әлі тыйылмай тұрғанын айтады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебінде Қазақстан суицид көп жасалатын бес елдің қатарына енген.
Ресей президенті Владимир Путин биылғы Рождество мейрамын Хакасияда өткізді. БАҚ таратқан хабарларға қарағанда, оған қорғаныс министрі Сергей Шойгу серік болған. Мемлекет басшыларының Усть-Бюр ауылы іргесіндегі орман ішіндегі қыстауға баруы дәстүрге айналған. Президенттік тікұшақтардың жоғары лауазымды шенеуніктерді қыстауға апара жатқанын осы маңайда тұратындар талай көрген. "Сибирь.Реалии" сайты тілшісі төбесінен Путин ұшып өтіп жүрген жерлерде болып қайтты.
1980 жылдары әлемнің барлық ірі басылымдарында жарияланған Владимир Половчак туралы жазбаларды интернеттен қазір де табуға болады. Сол кезде ата-анасымен бірге СССР-ге оралудан бас тартқан 12 жастағы жасөспірімді америкалық басылымдар оны "ең жас советтік қашқын" деп атаған
Оңтүстік Сібірде шорлар деп аталатын түркі тілдес байырғы шағын халық тұрады. Саны 16 мыңға да жетпейтін олардың көбі Кемеров облысында тұрады. Ол жерді Таулы Шория деп атайды. Қазір ана тілінде шамамен алты мыңдай шор ғана сөйлейді. Нақтырақ айтқанда, көбі шор тілінде "сөйлей алмайды, бірақ мағынасын түсінеді". Ғалымдар бұл тілді жойылып бара жатқан тіл деп санайды.
"Ірі көлемде пара алған" деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев бүгін Астанадағы сот процесі кезінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан кешірім сұрады. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайтыны туралы мәлімдеді.
Луристан провинциясы Элигудерз ауданы орталығында наразылық акциясына шыққан адамдар "Хаменеи, ұялғын! Мемлекетті босатқын!" деп ұрандады. Иран. 4 қаңтар, 2018 жыл.
Технология компаниялары компьютер мен смартфон процессорларының қауіпсіздігіне төнген жаңа қатерлердің жолын алмақ болып жанталасып жатыр.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, актер Ерлан Біләлдің "пара алмақ болғаны әшкереленді" деп хабарланды.
Омурбек Бабановтың "саясаттан біржола кетемін" деген мәлімдемесін Қырғызстан қоғамы әрқилы бағалап жатыр.
Иран билігі орталық арналарынан жақтастарының шерулеткенін көрсетіп жатыр. Бұдан бұрын Иран қалаларында билікке наразылар толқуы бір аптаға созылған.
Иранда жалғасып жатқан наразылықтар кезінде тегерандық бірнеше тұрғын тұрмыстары туралы айтады. AFP видеосы.
Иранда қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық жағдайға қатысты талаппен басталып, ел билігіне қарсы ұранмен жалғасқан, бірнеше адам мерт болған наразылық акциясы қаңтардың 2-сіне ауған түні де жалғасты.
2017 жыл несімен есте қалады? Өтіп бара жатқан жылдың ең маңызды оқиғалары деп нені айтар едіңіз? Қазақстан саяси, құқықтық, экономикалық салада ілгерледі ме, әлде кері кетті ме? AzattyqLIVE хабарында осы және өзге де сұрақтарға саясаткер Дос Көшім жауап берді.
Қырғызстан парламентінің депутаттары сән көрмесінде итке қырғыздың ұлттық қалпағын кигізген дизайнерді жауапқа тартуды талап етті. Депутаттар ұлттық киімді жануар не үй хайуанына кигізуге болмайды деп санайды.
Тәжікстанда жұмыс істеуге қауқарсыз әке-шешесін қараусыз қалдырып, тағдыр тәлкегіне тастап кеткендер үш жылға дейін сотталады.
Тағы