Интерпол мамырдың соңында америкалық инвестор Браудерді бақылау туралы Ресейдің өтінішін орындамады. Бірақ бұл - сирек жайт. Интерполдың "қара тізіміне" қазақстандық саясаткерлер де ілініп отырады.
Таяу Шығыста жаңа вирусты жұқтырған адамдардың кейбірі қайтыс болған. Вирус енді қажыға баратындарды алаңдатып отыр. Ал мамандар одан қорғануға болатынын айтады.
Бельгияның пошта қызметі Әзербайжан елшілігіне шағымданды. Өйткені әзербайжан баспасөзі «бұл компания Гейдар Әлиевтің мерейтойына орай ресми марка шығарды» деп хабарлаған еді.
Ашғабат елдегі мұсылмандардың "дәстүрлі исламнан" ауытқымауын қатаң бақылайды. Ал сарапшылар "әсіредіншілдіктен қауіптенген биліктің әрекеті радикализмді күшейтуі мүмкін" дейді.
Халықаралық энергетика агенттігінің есебіне қарағанда, алдағы бес жылда Солтүстік Америкада мұнай өндіру көлемі күрт артпақшы. Бұл бетбұрыс мұнай нарығына қалай әсер етпек?
АҚШ үкіметі конгреске ұсынған кезекті жыл сайынғы баяндамада 2012 жылғы халықаралық терроризм оқиғаларына баға беріліп, Иранға ерекше назар аудартылған.
Қазақстандық құқық қорғаушылардан құралған сарапшылар тобы "саяси және ар-ұждан тұтқыны" деп анықтаған бес адам түрлі мерзімге сотталып, түрмеде отыр.
Бұрынғы cовет елдерінің кейбірі оппозиция белсенділеріне қарсы ескі әдістерді қолдануға көшті дейді құқық қорғаушылар. Ал билік «қылмыскер» атанғандардың «саясатқа қатысы жоғын» айтады.
Азаттық радиосының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Азаматтық журналистика» айдарымен әуесқой видео сюжеттерге байқау жариялаған еді. Бүгін байқаудың нәтижесі шықты.
Приднестровье дауын шешу бойынша кезекті халықаралық келіссөзден нәтиже шықпады. Ал сепаратистік аймақтың өз ішінде парламентті Днестрдің арғы бетіндегі Бендерге көшіру туралы ұсыныс айтылды.
Азаттық радиосы мен швед телеарнасы жариялаған Өзбекстан президентінің қызы мен "пара алу туралы құжаттар" Twitter әлеуметтік желісінде қызу талқыланды. Онда бұған қатысты Каримованың өзі де пікір білдірген.
Ирак жасақтары көршілес Сирия жеріне өтіп, соғысып жатқан екі тарапқа да қол ұшын беріп жатыр. Екі ел арасындағы шекара күзеті күшейтілмесе, соғыс Ирак аумағына жайылып кете ме деген қауіп бар.
Әлемде экономикалық дағдарысқа төтеп бергенінің арқасында исламдық банкингке деген қызығушылық артты. Қазір көп жұрт оны дәстүрлі банк жүйесіне балама ретінде қабылдай бастады.
Азаттық мамырдың 23-і күні әлемдегі адам құқықтары ахуалы бойынша жылдық есебін жариялаған Amnesty International ұйымының өкілінен Қазақстандағы жағдай бойынша сұхбат алды.
АҚШ-тың зымыранға қарсы қорғанысы мен Сирия мәселесі туралы ұмытыңыз. Бұл жолы Кремльдің шамына Eurovision ән сайысында «жоғалған дауыстар» қатты тигенге ұқсайды.
2013 жылды БҰҰ бас ассамблеясы Халықаралық су әріптестігі жылы деп жариялаған. Ал 22 мамыр - Халықаралық биологиялық әртүрлілік күні.
АҚШ ғалымдары клондау арқылы адамның діңгекті жасушасын жасап шығарғандарын хабарлады. Бұл жаңалық медицина саласында түрлі зерттеулерге жол ашқанымен, сыншылар этикалық тұсына алаңдайды.
Орталық Азия тұрғындары – АҚШ-та тұрақты тұру визасын лотерея арқылы ең көп ұтып алатын екі топтың бірі. Бірақ биыл конгресс иммиграциялық реформа туралы заң жобасын қабылдаса, лотерея тоқтауы мүмкін.
Тағы