Қаржы полициясы кеденге қатысты арнайы шаралар өткізіп, бірнеше лауазымды шенеунікті қамаған соң көп ұзамай Қазақстан кеден қызметінің басшысы Қозы-Көрпеш Кәрібозов қызметінен алынып, орнына бұрынғы ішкі істер министрі тағайындалды.
Кенесары хан мен Наурызбай, Ағыбай сияқты батырлар жайлы рухани мұраны зерттеу әлі көңіл көншітпейді дейді ғалымдар.
Биыл мектеп түлектері маусым айының 1-10 аралығында ұлттық бірыңғай тест тапсырады. Елдегі жоғарғы оқу орнына ілігу үшін әрбір түлек 50 баллдан кем жинамауы тиіс.
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле бастады.
Алматының маңындағы «Думан-2» ауылында бос жатқан жерді басып алмақ болған тұрғындар полициямен қақтығысып қалды.
Қазақстан риэлторлары біріккен қауымдастығының Алматыда өткен жылдық съезінде мамандар елде риэлторлар туралы заң қажет екенін айтты.
Азаттық радиосының сайтында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашевтың онлайн-конференциясы өтті. Ол өзіне қойылған сұрақтардың жартысынан астамына жауап берді.
Алматыда 2000 жылдан бері джаз фестивалі өтеді. Фестивальді ұйымдастырушылар жастар арасында джаз музыкасына қызығушылар қатары артып келе жатқанын айтады.
Дағыстанда өлтірілген исламшыл бүлікші, Саид Бурятскийдің көмекшілерінің бірі Қазақстан азаматы болуы мүмкін деп хабарлайды Ресей арнайы қызметі.
Президент Назарбаевтың ұсынысы бойынша парламент сенатының төрағасы қызметіне бас прокурор болып істеп келген Қайрат Мәми отырды. Сонымен бірге Жоғарғы сот төрағасы мен бас прокурор да жаңадан тағайындалды.
Мұратбек Бөжеев ХVІІІ, ХІХ ғасырлар мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Қаламгерлер Бөжеевтің еңбегінен Алаш идеясы аңқып тұратынын айтады.
Мемлекеттік дума Орталық Азиядағы саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың кенже қалуы араб әлеміндегідей толқуға ұласса, ең бірінші Ресейдің қауіпсіздігіне қатер төнеді деп санайды.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев мемлекет меншігіндегі «Самұрық-Қазына» қорының басшысы қызметіне отырды. Қазақстанның бүкіл стратегиялық игіліктеріне осы қор иелік жасайды.
Минск метросында Астана уақытымен 20 сағат 56 минутта жарылыс болды. Кем дегенде жеті адам қаза тапқан. Жараланғандардың саны елуден асты.
Сәуірдің 8-і Астанада өткен президент инаугурациясы кезінде қайта сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ант беріп тұрып Конституцияның 42-бабындағы 1-тармағын сөзбе-сөз оқып шыға алмады.
Жұма күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті инаугурациясын өткізді. Қазақстандағы бұл сайлаудың Беларусь еліндегі президент сайлауымен ұқсас тұстары да, өзгешеліктері де бар.
Қазақстан банктерінен ипотекалық несие алған адамдар банкпен жасаған келісімдердің шарттары заңға сай келмейді деп отыр. Қоғамдық бірлестікке біріккен олар енді құқық органдарына жүгінбек.
Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауының түпкілікті қорытындысын сейсенбіде жариялаған ОСК сайлаушылардың 95,55 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді деп хабарлады.
Орталық сайлау комиссиясы Нұрсұлтан Назарбаев 95.5 пайыз дауыс жинады деп хабарлады. Ал Азаттық вебсайтындағы сауалнама бойынша ол 26.9 пайыз жинаған.
Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев 95,5 пайыз дауыс алған. Бұл туралы сайлаудың алдын-ала қорытындысын дүйсенбіде Орталық сайлау комиссиясы жариялады.
Тағы