Вашингтон мен Тегеран соғысты тоқтату бойынша бір-бірінің шартына келісе алмай жатыр. АҚШ президенті Дональд Трамп Иран жіберген бейбіт жоспарды «қоқысқа» теңеп, аяғына дейін оқымадым деді. Ресми Тегеран құжатты Иран мүддесі мен талабына жауап беретін «ақылға қонымды» мәміле деп мәлімдеді.
Қырғызстанда 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған концерттен дау шықты. Сахнада соғысты қолдайтын ресейлік «Любэ» тобы өнер көрсетіп жатқан сәтте экраннан Z-символикасы мен Ресей әскерінің Украинадағы кадрлары көрсетілген. Бұл жайт қырғызстандықтардың наразылығын туғызды.
Газада дәстүрлі Палестина халықаралық марафоны өтті. Бұл іс-шара екі жылдық соғыстан кейін алғаш рет өтіп жатыр. Жарысқа қатысқандардың арасында соғыста жараланып, қол-аяғынан айырылғандар да бар.
Ресей президенті Владимир Путин Еуропа одағымен саммит өткізген Арменияға шүйлікті. Ол Ереванға референдум өткізуді ұсынып, "Украинадағыдай болып жүрмесін" деп ескерту жасады.
Соғыс пен мобилизациядан қашқан ондаған мың ресейлікке пана болған Қазақстан шетелдіктердің елде жүру ережелерін қатаңдатып жатыр. Релоканттар ықтиярхат беруден бас тарту жағдайлары жиілегеніне шағынып, алаңдатып отырғанын айтады.
АҚШ пен Иран арасындағы атысты уақытша тоқтату келісіміне қауіп төнді. Тараптар соғысты толық тоқтатуға келісе алмай жатқан тұста Ормуз бұғазы маңында жағдай қайта ушықты. Ирандағы қазіргі ахуалды түсіндіреміз.
– Кремльге қыр көрсету ме? Армения Еуропа басшыларын жинап саммит өткізіп жатыр.
Германияда Қазақстан азаматы тыңшылық айыбымен ұсталды. Ол Ресейдің арнайы қызметіне жұмыс істеген бе |Қазақстанда сөз еркіндігі рейтингінде cегіз саты төмендеді. Бұған не себеп? | Путин мен Трамп телефонмен 1,5 сағат сөйлесті. Ал Ресей cыртқы істер министрі Тоқаевпен кездесу үшін Астанаға келді
Қазақстанда үлкен даумен қабылданған салық кодексі жұмыс істегелі төрт ай болды. Үкімет оның нәтижесі өте жақсы, бюджетке түсім артты дейді, ал кәсіпкерлер арасында жаңа ереженің зардабын тартып жатқандар көп. Сарапшылар не дейді?
– Ақтөбе облысы аумағына дрон құлап, түтін көтерілді. Қару қай елге тиесілі? – Батыс Қазақстан облысында киік қырылып, індет малға жұғып жатыр. Шаруалар не істейді? – Жаңа салық кодексі бизнесті қинап жатыр ма? Мәжіліс депутаты қоғамды даурықтырған заңнама тағы өзгеруі мүмкін дейді.
Украина 12 күн ішінде үшінші рет Ресейдің Қара теңіз жағасындағы ірі мұнай өңдеу терминалына соққы берді. Бұл Туапсе қаласында тағы да өрт шығуына себеп болып, тұрғындар эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер бұған дейінгі шабуылдан шыққан өртті енді ғана өшіріп болған еді.
23 сәуір – бір кезде Валерия Яковлева үшін ең ауыр күн еді. Алайда 24 жылдан кейін ол осы күнге жаңа мағына беріп, АҚШ-та жаяу сапарға шықты.
Сауд Арабиясы мен Қазақстан ителгі санын қалпына келтіру бағдарламасы аясында Жетісу облысындағы Алтынемел ұлттық паркіне 34 саудиялық ителгіні әкеліп ұшырды. Қызыл кітапқа енген жыртқыш құстың Қазақстандағы популяциясын реттеу үшін Сауд Арабиясы жыл сайын Қазақстанға ондаған құс әкеліп отырмақ.
Алматыда Конституцияға бойкот жариялаған қоғам белсендісі Оразалы Ержановтың соты басталды. | «Байтақ» партиясының басшысы Азаматхан Әміртаевты Ресейге неге кіргізбеді? | Қырғыз парламенті депутатының қазақ журналисіне берген сұхбаты дау тудырды.
Тағы