Жұма күні жарық көрген апталық басылымдар “Отан” партиясы ғимаратының сыртында орын алған жарылысты, аптаның ең үлкен оқиғасы ретінде бағалап, түрлі болжамдар жасапты. Тәуелсіз басылымдарда осы оқиғадан кейін ресми билік тарапынан оппозиция өкілдерін қудалау науқаны басталуы ықтимал деген пікірлер айтылыпты. Ресми биліктің өкілдері болса, бұл оқиғада саяси астардың жоқ екендігін мәлімдеп отыр.