9-ақпан ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Соңғы жылдары Алматы қаласында осы күні ақын Мұқағали Мақатаев ескерткішінің алдында өлең оқу дәстүрге айналды. Мұқағали ақынның дүниеден озғанына талай жыл өтсе де ақынның жырларына деген халықтың махабаты суыған емес. Кезінде ақынның өзі: Көрер едің,
Шаламын ба, отпын ба?
Білер едің,
Ақынмын ба, жоқпын ба?..
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда,
Кектенетін Махамбет те жоқ мұнда, - деп, тебіріне толғанған болатын.