Accessibility links

Шығыс Еуропаның көп бөлігінде адамдар әлі де коммунизм елесімен өмір сүруде


Чехия жұртшылығы мақпал төңкерісінің 20 жылдығын атап өту кезінде. Прага, 17 қараша 2009 жыл.

Чехия жұртшылығы мақпал төңкерісінің 20 жылдығын атап өту кезінде. Прага, 17 қараша 2009 жыл.

Бұрынғы коммунистік Еуропадағы 1989 жылғы оқиғалардың жетістіктері мен кемшін тұстарын талқылаған ғалымдар Шығыс және Орталық Еуропадағы төңкерістердің ұтқаны мен ұтылған тұстары жайлы пікірлерін ортаға салды.


РЕЖИМНІҢ КҮЙРЕУІ

Атлант мұхитының екі жағындағы ойшыл ғалымдар ақпанның 27-28 күндері Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде бас қосып, 1989 жылғы коммунистік режимдердің құлауына әкелген Шығыс және Орталық Еуропадағы төңкерістер және оның нәтижелері туралы пікірлерімен бөлісті.

Шығыс және Орталық Еуропада коммунистік режимдердің құлағанына 20 жылдан асты. Бірақ оның құлауына атсалысқандар
Қоғам қайраткері Вацлав Гавелдің суретін ұстаған чех студенттерінің қоғамды өзгертуді қолдап наразылық шеруіне шыққан кезі. Прага, 17 желтоқсан 1989 жыл.
коммунистік Еуропа режимі туралы талқылағанда тарихтың шулы кезеңіне қатысты жауаптардан сұрақтар көбірек болып отырғанын айтты.

Бұл тұрғыда аустриялық бұрынғы саясаткер, қазірде Венадағы Дунай аймағы мен Орталық Еуропа бойынша институттың профессоры Эрхард Бусек Чех коммунистік партиясы 1968 жылғы тамыз оқиғасынан кейін көбірек кері бағытқа кеткен коммунистік партияға айналды деді.

Оның айтуынша, партияның барлық еркін ойлайтын мүшелері тазалауға түсіп немесе қамауға алынды. Бұл жағынан алғанда, тіпті Леонид Брежнев кезіндегі Коммунистік партияның өзі көбірек прогрессивті көрінді дейді профессор Эрхард Бусек:

«Олар бөлінбеген болатын, олар билік тарапынан іштей тазалауға түспеген. Чехияның зиялылары сияқты кейінірек танымал болғандар келіспеушіліктерге байланысты партиядан кетті, олар бұл жерден қуылды».

ЧАУШЕСКУ БИЛІГІНЕН СОҢ

Бухарестегі Румынияның мәдени институтының вице-президенті Мирча Михайес керісінше, Чехословакия, Польша, Болгария және Румынияның диссиденттік қозғалыстары әлсіз, қоғамдағы беделі төмен болды дейді. Онымен қоса, Чаушескуді қатты сынаушылардың көзін құртуда танымал болған румыниялық құпия қызмет те тынышталып, олардың кейбірі шетелге қашып кетті дейді Михайес:

«Румынияның «Қауіпсіздік» жүйесінің репрессиясы басқа коммунистік елдермен салыстырғанда өте қатты болды. Онда басқаша
Румыния астанасында Коммунистік партия көсемі Владимир Ленинге орнатылған ескерткіш орынан алынған күні. Бухарест, 5 наурыз 1990 жыл.
ойлайтын дәстүр болмады. Ол режимнің әдіс-тәсілімен олар шетелге жіберілді. Менің пікірімше, диссиденттердің мұндай орны Азат Еуропа/Азаттық радиосы сияқты құрылымдарды толықтырды».

Николае Чаушеску сияқты коммунистік жетекшісі бар Шығыс еуропалық ел болудың сыртында Румыния коммунистік басқарушының орнын екіншісімен ауыстырудың айырмасын да ұқты дейді Михайес.

«Бұл тек қана бетпердені ауыстыру болды. Бірдей адамдардың біз бұдан былай партия мүшесі емеспіз, бірақ елді басқарғымыз келеді дегені шындық. Және бұл 1996 жылға дейін елге қатты ауыр болды, өйткені Румынияның арнайы жағдайында ел қайта құру («перестройка») саясатымен таныса бастаған. Бұл тұралап қалудың бір түрі болды, оның салдары әлі де Румынияның күнделікті саясатынан көрініп отыр», - деді ол.

Румыния 1989 жылы таңдаған жолына байланысты азаматтық қоғамын дамытуда тұралап қалды. 1989 жылғы Румыния төңкерісінің қауырт қарқыны елдің саяси дамуында ұзақ уақытқа өз ізін қалдырды.

ЕУРОПАНЫҢ ШЫҒЫСЫ МЕН БАТЫСЫ

Ал АҚШ-тағы Харриман институтының директоры әрі саясаттану ғылымының профессоры Тимоти Фрай батыс және шығыс еуропалық елдер арасындағы адамдардың өздерін бақытты сезіну деңгейінде айтарлықтай айырмашылық бар деп отыр.

Оның пікірінше, батыстағы еуропалықтар өздерінің орта жасында өміріне аздап көңілі толып, кәрілік шағында ол қанағаттанбау ұлғая
Үкіметке наразылықтарын айтқан азаматтар Венгрия парламентінің алдына ұлттық туды ұстап шеруге шықты. Будапешт, 15 наурыз 2007 жыл.
түседі. Бұл бағыт шығыс еуропалықтарда орта жастан басталып, қартайғанша болады екен.

Харриман институтының зерттеуіне қарағанда, Шығыс Еуропада орта жастағы адамдардың бүгінгі нарыққа икемділігі жетіспейді. Осыдан барып өмір сүру деңгейіне деген қанағаттанушылық төмен болады дейді профессор Фрай:

«Мен бұған қандай түсінік беруді білмеймін. Бәлкім, мұның бір жағы жасы ұлғайған адамдардың қабілеті мен өмірге икемділігі жастарға қарағанда төмендеу болып келеді. Бұған осы аймақтардағы көп елдерде зейнетақы жүйесінің құлауы да өз үлесін қосып отыр».

Сонымен қатар Фрайдың зерттеуінде, нарықта жұмыс істеу қабілеті бар үлкен адамдар өздерінің еш тәжірибесі жоқ замандастарына қарағанда көбірек бақытты екені айтылады.

Харриман институты жасаған зерттеулер, сондай-ақ шығыс еуропалық адамдардың 80 пайызы жеке мүлікті иеленуді мақұлдайтындығын, олардың 70 пайызы қозғалмайтын мүлікті бөлу сценариін қолдамағанын көрсетіп отыр.

ҮМІТТЕНУ МЕН ТҮҢІЛУ

1990 жылдарда болған жекешелендіру кезінде ашықтықтың болмауы, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстың араласуы сияқты жағдайлар Шығыс Еуропадағы адамдардың көбін барынан айрылғандай сезімде қалдырды.

Нью-Джерсидегі саяси ғылымдар институтының профессоры Бенджиамин Барбер Шығыс Еуропада коммунистік режим құлаған 1989 жылдан кейін оның күтпеген салдарлары болды дейді.

«Мен коммунизмді аңсауды қорғап тұрған жоқпын. Бірақ мен теорияның болмауынан, әділдік туралы ойлауға мүмкіндік беретін үлгі болмай немесе әділетсіздіктер туралы ойлауға жол ашқан, капитализм проблемалары арқылы біз Польша, Венгрия, Чехия және Словения тап болып отырған капитализм және либерализм сияқты жаңа патологияларды реттей алмаймыз», - дейді ол.

Оның айтуынша, соңғы 20 жылдағы тәжірибелер Шығыс Еуропаның көп бөлігіндегі адамдар әлі де коммунизм елесімен өмір сүруді жалғастырып отырғанын көрсетті.
XS
SM
MD
LG