Accessibility links

Мектептер мен стадиондар радикалдардың негізгі нысанасына айналды


Ланди Коталдағы спорт жарысы, Пәкістан.

Ланди Коталдағы спорт жарысы, Пәкістан.

Пәкістанның тайпалық аудандары бір кездері спорт алаңдары ретінде танымал болған. Бірақ ұйымдасқан спорт түрлері бойынша жарысуға бүгінде жастардың құрал-жабдықтары аз, әрі мүмкіндіктері де шамалы. Діни радикалдарға керегі де осы болып шықты.


Әр қоғамда ұйымдасқан спорт жарыстары - жастарды үлкен өмірге баулудың басты бөлігі. Пәкістанның федерация принципі бойынша басқарылатын тайпалық аудандарында (FATA) да бұл жағдай дәл басқа жерлердегідей еді. Бірақ енді олай болмай тұр.

1980 жылдардан бері тайпалық аудандарды араздастырып келген ондаған жылғы діни радикализм мен талас-тартыстың кесірінен ұйымдасқан спорт жарыстары біртіндеп құлдырай берген.

Поэзия сайыстары, ән байқаулары мен дәстүрлі би фестивальдеріне тыйым салынумен салыстырғанда халықтық спорт түрлерінің құрдымға кетуі үн-түнсіз жүзеге асты. Қазір берекесі қашқан FATA-ның қоғамдық өміріне
Бажур тайпалық ауданындағы сарбаз. 2 наурыз 2010 жыл.

мұның бәрі кезінде әр беріп тұрған болатын.

СПОРТТАН – ТЕРАКТІГЕ

Бұл құбылыс зорлық-зомбылық қалыпты өмірдің астан-кестеңін шығарып, атыс-шабыс адамдарды үйлерінен айдап шығарған тұста кез-келген қоғамда болатын жағдайлардың бірі.

Бірақ сонымен қатар бұл – Исламабадтағы немқұрайдылықтың, ұйымдасқан спорт жарыстарына арналған жағдайлар жасалмайтын болса, жастардың бос сенделіп қалатынын түсіне алмаған халықаралық одақтастарының кінәсі. Бұл жағдайды діни радикалдар оңтайлы түрде пайдаланып кетті.

Хайбер ауданындағы FATA-ның үкіметтік емес Ауыл шаруашылығын дамыту жобасының (FRDP) өкілі Харун Шинвари жағдайдың қалай болғанын былайша еске түсіреді:

- Жыл сайын тамыздың 14-інде (Пәкістанның тәуелсіздік күні) біз Хайбер ауданында дәстүрлі спорт фестивалін өткізіп тұратынбыз. Бұл 1982 жылы басталды және оның тұсауын сопы ақын Хамза Баба кесті. Бұл күрес, марафон жарысы, көздеп ату мен бүкіл FATA-дан және Хайбер Пахтунхвадан келген шамамен 50-ден 60-қа дейін командалар қатысқан футбол турнирі сияқты спорттың әр түрін қамтыды. Бірақ енді, міне, соңғы бірнеше жылда мұның бәрі ғайып болды.

Қазір Хайбер ауданында кезіндегі әйгілі спорт жарыстарының орнын зорлық-зомбылық басқан. Соғысушы топтардың бұл ауданда аса белсенді, адам көп жиналған орындарды көздейтін терактілері жаппай үрей тудырады.

Биыл шілденің 20-сында исламшылдар бірнеше ойыншыны жарақаттап, крикет ойыны алаңына шабуыл жасады. Ойыншылардың бірі Мунир Хан Азаттық радиосының пәкістандық қызметіне былай деді:
Пәкістан балуандары күш сынасып, жатыр. Лахор. 22 маусым 2011 жыл.

- Екі миномет оғы ойын алаңы мен көршілес таудың тұсын зақымдады, сөйтіп біз жарысты болдырмай тастадық. Кету үшін ойыншыларды көлікке мінгізе бергенімізде үшінші миномет оғы ойыншылардың біразын және бізді жаралады. Менің арқам жараланды.

СПОРТҚА БЕЙРЕСМИ ТҮРДЕ ТЫЙЫМ САЛУ

Тайпалық аудандардың басқа бөліктерінде де жағдай - осы. Немесе бұдан да нашар жағдайды бастан кешіріп жатқандар бар.

Көршілес Хуррам мен Мохманд аудандарын соғысушы исламшылдардан тазарту үшін әскерилер жүздеген мың адамды босқындар лагерлеріне оқтын-оқтын көшіріп отыруға мәжбүр.

Солтүстік және Оңтүстік Вазиристанда АҚШ-тың қашықтан басқарылатын зымырандары терроршылардың мекендерін атқылап тұрады. Бірақ бұл қарулы топтар ашықтан-ашық кейбір аудандарды өздері билеп отыр.

Сонымен бірге 2004 жылдан бері қарулы исламшылдар FATA бойынша 630-дан астам үкіметтік мектепті бомбалаған. Осылайша жалпыхалықтық спорттың негізін әлсірететін және жас спортшылардың өсуіне кедергі келтіретін әрекет шілденің соңында екі мәрте қайталанды.

Енді, міне, оқшаулану FATA-дағы атлеттер үшін қалыпты жағдайға айналып тұр. Қатысуға болатын спорт турнирлері жоқтың қасы болғандықтан ресми командалар жарысын бейресми түрде ойналатын «пикап» ойындары ысырып тастады.

Команда капитандары, жаттықтырушылар, лигалар мен танымал спорт шеберлерінің иерархиясымен көзге ұратын ұйымдасқан спорт жарыстары енді көзге шалынбайды. Кезінде дәуірлеп тұрған азаматтық мекеме күйреген. Бір кездері тәліптерге жұмыла қарсы тұрған спортқұмар жастар қазір жалғызсырап, өздерін қорғансыз сезінеді. Осыны түсінгендей, тәліптер ұйымдасқан спорт жарыстарын біржола жоқ қылуға кіріскен.

Малик Хафиз Уллах есімді ақсақал өзінің туған қаласы, оңтүстік Вазиристанның астанасы Ванадағы жағдайды былайша сипаттайды:

- Оңтүстік және Солтүстік Вазиристан бір кездері спорттың барлық түрлерінің басты орталықтары болған. Бірақ 2001 жылдан бастап, мұндағы жағдай, әсіресе Ванада қатты нашарлады. Біздің қалада көп халық тұрады, әрі ойын алаңдарына арналған бірталай тегіс жер бар. Сол себепті бұл қала басты спорт орталығы болған. Бірақ қазір біз спорттық іс-шараларға қатаң шектеу қоятын тыйымдарға тап болып отырмыз.

Әзірше тайпалық аудандардағы соғысушы исламшыл топтар спорттық жарыстарды ұйымдастыруға қарсы арнайы тыйымдар шығарған жоқ. Бірақ олардың спорттық жарыстарды уақытты зая кетіру деп менсінбейтіндері жақсы мәлім.

Тәліптердің өздері ресми спорттық іс-шаралар өткізбейді. Медреселердегі студенттерге үзілісте бейресми ойындар ойнауға ғана рұқсат етіледі.
Полиция көлігі бомба жарылысынан кейін. Пешавар. 11 тамыз 2011 жыл.


Ең бір өкінішті жайт – FATA-да жастарды исламшыл топтардың қолына түсуден сақтау үшін спорт жабдықтарын жақсартуға деген ниет танытып отырған не Исламабад, не халықаралық демеушілер жоқ.

«БӘРІБІР СТАДИОН САЛАМЫЗ»

FATA-ның спорттық жарыстар және мәдениет директоры Файзал Джамиль Шах үкіметтің ұстанымын былай білдіреді:

- Үкімет те шектеулерге тап болып отыр. Кейде ақша, кейде жер таба алмай қаламыз. Егер Құдай қалап жатса, ерте ме, кеш пе біз тайпалық аудан тұрғындарына стадион салып жатырмыз деген жақсы хабарды жеткізе аламыз.

Бірақ жаңа стадион салынғанша Атик Шинвари сынды аса танымал спорт шеберлері шетке кетіп, жергілікті жастар еліктейтін тұлғалардан айрылуға мәжбүр.

- Тайпалық аудандарда дарынды жастар жеткілікті. Бірақ бізде жабдықтар жетіспейді. Өз басым Пешавар қаласына жаттығуға бармақпын. Себебі біздің ауданда ойын алаңы мен дене шынықтыруға арналған гимнастикалық зал жоқ. Біз спорттық бабымызды сақтау үшін көптеген қиындыққа тап боламыз, - дейді әйгілі футболшы.

FATA-да бұл жағдай жалғаса берсе, исламшыл қарулы топтар қуанатындай себеп бар.

Олардың қалайтыны – адамдар я жеке дене қимылы арқылы, я интеллектуалдық қабілеті арқылы өздерін жеке тұлға ретінде көрсетпейтін, оның орнына жұмыла жиһадқа ұмтылатын қоғамды күштеп қалыптастыру. Ұйымдасқан спорт жарыстарының тапшылығы, осыдан туындайтын барлық мәселелер исламшылдардың мақсаттарына жетуіне сеп болып отыр.
XS
SM
MD
LG