Accessibility links

Тұрғындарды мазалаған коронавирус пен облыс әкімінің уәдесі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесуге келіп отырған тұрғындар. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесуге келіп отырған тұрғындар. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше ауылында коронавирусқа қарсы митингілер өтті. Азаттық тілшісі облыстық әкімдік шененуіктерінің тұрғындармен кездесуіне қатысып, жергілікті халықты не мазалайтынын анықтауға тырысты.

ШЕРУЛЕР ӨТКЕН АЙМАҚҚА ӘКІМ ТАҒЫ КЕЛДІ

Ақпанның 27-сі күні Шығыс Қазақстан облысының Ақжар ауылында облыс әкімі Даниал Ахметов жергілікті халықпен кездесті. Ахметов соңғы бірнеше күн ішінде бұл ауданға осымен екінші рет келді. Әкімге жүктелген міндет айқын: ол халықты сабырға шақыруы керек. Ақпанның 20-сына қараған түні Қытаймен шекаралас Сарытерек және Айнабұлақ ауылдарының тұрғындары "коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деген күдікке ілінген адамдарды жергілікті стационарларға жатқызуға" қарсы митингіге шыққан.

Көре отырыңыз: Зайсандықтар "Қытайдан келгендерді карантинге жатқызбауды" талап етті

Зайсандықтар "Қытайдан келгендерді карантинге жатқызбауды" талап етті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:50 0:00

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Денсаулық сақтау министрлігі халықты сабырға шақырып, елдегі барлық қала мен облыс аудандарында карантин стационарлар барын, олар тек медициналық тексеру жүргізу үшін керегін айтқан. Бірақ бұл мәлімдемелер халық арасындағы алаңдаушылықты баса алмағанға ұқсайды. Өйткені наразылық көрші Ақжар ауылында жалғасып, жергілікті халық биліктен елге коронавирус кірмеуі үшін күшейтілген шаралар қабылдауын талап етті.

Сол кезде аудан орталығы Зайсанға келген Ахметов "жағдайды реттеуге" уәде берген еді. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша құрылған арнаулы комиссия Қазақстан мен Қытай шекарасының "жабық" екенін растаған. Бірақ ауыл тұрғындарының комиссия қорытындысына көңілі толмайды. Олар шекарадан жүк көліктері әлі де өтіп жатқанын айтады.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесуге келген тұрғындар. Ақжар, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесуге қатысқан тұрғындар. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесуге қатысқан тұрғындар. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.

Қытаймен шекарадағы өткізу бекеттерінің шынымен жабық екенін тексерген арнаулы комиссия құрамында болған жергілікті тұрғын Жанна Секетаева әкіммен кездесуге келгендердің көбі – мемлекеттік қызметкерлер екенін айтты. "Оларды мұнда залды толтыру үшін жинаған" деді ол.

Кездесуге жергілікті тұрғындар да қатысты, бірақ оларға орын аз тиді. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселені әкімге жеткізуге тырысты. Кездесуге қатысушылардың бірі эмоцияға беріліп, әкімнен "өңірге коронавирусты кіргізбеуді" талап етті. Оны тез арада сабырға шақырды.

Даниал Ахметов "Қытайға байланысты" сұрақтарды айналып өтуге тырысқанымен, ауыл инфрақұрылымын жақсарту, үкіметтен 1997 жылы таратылған Ақжар ауданын қайта қалпына келтіруді сұрау сияқты басқа мәселелерге келгенде жауаптан жалтармай, уәдені үйіп-төкті. Осыдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының әкімі мұндай өтініштер айтылғанда "оған миллиардтаған қаржы керек, сондықтан бұл жабық мәселе" деп жауап беретін.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отыр. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жергілікті тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп отыр. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.

Даниал Ахметов халықпен кездесуде өңірдегі коронавирус мәселесін қозғаған жоқ. Азаттық тілшісінің сұрағына берген жауабында өзінің де бұл мәселеге "алаңдап отырғанын", бірақ "жағдай бақылауда" екенін айтты.

- Білесіз бе, халықтың алаңдаушылығын түсінемін. Біздің адамдар ғана емес, бүкіл әлем халқы алаңдап отырғаны түсінікті жағдай. Шекараға келсек, Қазақстан шекарасы жабық. Дүйсенбіден бастап Бақты және Майқапшағай шекара бекеттерінен Қытайға жаяу адамдар өткен, бірақ қазір мұндай мүмкіндік жоқ. Аталған екі шекара бекеті арқылы өткен қазақстандықтар 14 тәулікке карантинге жатқызылады. Ол үшін арнайы жабдықталған жер мен барлық мүмкіндік бар, - деді әкім.

Даниал Ахметовтың айтуынша, қазір Шығыс Қазақстан облысында 17 адам карантинде жатыр. Үш күн бұрын облыс әкімінің баспасөз қызметі карантинде 15 адам жатыр деп хабарлаған.

"Қазақстан-Қытай шекарасына жүк көліктері өтіп жатыр" деген шағымға байланысты жауабында Ахметов дерттің алдын алу мақсатында жүргізушілер шекарада ауысып отыратынын айтты.

- Қытаймен экономикалық қарым-қатынасымыз бары белгілі. Қазақстан кәсіпкерлерінің өтініші бойынша бұл мәселе былай шешілді: әр көлікке екі жүргізуші отырады, біріншісі Қазақстаннан Қытай шекарасына өтеді, екіншісі осында қалады. Жүк көлігі қайта оралғанда, рөлге елде қалған дені сау жүргізуші отырады да, Қытай аумағында болған жүргізуші оқшауланып, карантинге жатқызылады.

ӘКІММЕН КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІНГІ КӨҢІЛ-КҮЙ

Жергілікті тұрғындардың кейбірі облыс әкімімен кездесуге қатыса алмады. Олардың арасында осыған дейін коронавирусқа тексерілетін адамдарды өңірдегі медициналық мекемеге жатқызуға қарсылық білдірген жергілікті мектеп мұғалімі Мейіржан Темірбек те бар. Ол өзін әкіммен кездесуге "әдейі" қатыстырмады деп топшылайды.

- Алдын ала ақысыз еңбек демалысын сұрап өтініш бергеніме қарамастан, мені жұмыстан босатпады. Көп белсенді кездесуге кешігіп барды. Бәрі жұмыста болған. Олардың арасында өңірде карантин орнын ашады [амбулаторияларға обсервациялық төсектер қойылады] деген кезде қарсы пікір білдіргендер де бар, - дейді белсенді.

Облыс әкімі Ахметовтың уәделеріне қарамастан, жиынға қатысушылар арасында кездесуге көңілі толмағандар да бар. Солардың бірі – жергілікті мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ербол Қанафин.

- Коронавирусқа келсек, жауап беру қиын. Ол Қазақстанға келетін нәрсе. Біз оған жайбарақат қарамауымыз керек. Қазір Зайсан туралы айтып отырмыз. Зайсан тұрғындары шекарадан қанша жүк, көлік пен тауар өтіп жатқанын көріп отыр. Қаншама ауыр заттар артып жатыр, Қазақстан мен басқа мемлекеттерге қаншасын жібереді. Қазақстанда Қытайдағыдай соншама жүк пен көлік, жеңіл заттар, вирусқа қарсы дәріні қалай шашатынын өзіңіз де көрдіңіз ғой, бізде мұндайдың ешқайсысы жоқ. Сондықтан шекарадан адам мен тауар артқан жүк көлігі өтпеуі керек, - дейді Қанафин.

Кездесуге қатысқан белсенді Жанна Секетаева да өзін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап таппағанын айтады.

Белсенді Жанна Секетаева Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысқан жиында сөйлеп тұр. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.
Белсенді Жанна Секетаева Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қатысқан жиында сөйлеп тұр. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.

- Бірінші кезекте адам мен жүк өтпеуі үшін мемлекет тарапынан шекараны жабу туралы мәлімдеме жасалуы керек. Олар шекарадан өтсе, бізде басқа мемлекеттердегідей жағдай туады. Бұл вирусқа қарсы тұруға дамыған елдердің де шамасы келмей жатыр. Қазақстанның қауқары қалай жетеді? - дейді Секетаева.

Ол Ахметовтың "Синьсин" компаниясы жайлы сұраққа да жауап бермегенін айтады.

- Компанияда қанша жұмысшы бар және тағы қанша адамды шекараның ар жағынан алдырады? "Импортты алмастыру" деген термин бар. Неге тек Қытайдан алуымыз керек? Бәрі сол Қытайға ғана тіреліп қалған жоқ қой. Басқа мемлекеттерден неге сатып алмаймыз? - дейді ол.

Жергілікті тұрғындар әкімнің Ақжар ауданын қайта қалпына келтіру туралы уәдесіне де сенбейді. Жеке ауданның қажеттілігін көбі аймақтың Қытаймен шекарада орналасуымен түсіндіреді. География пәнінің мұғалімі Әмірхан Қанағатов Ақжар ауылына аудан орталығы мәртебесі берілмесе, тұрғын халықтың көбі көшіп кетуге мәжбүр болатынын айтады.

- Біз Қытаймен шекарада тұрамыз, шекара бекетіне дейін – 50 километр, арғы жағы – Қытай. Олар керісінше шекараға жақын аумақтарға халық қоныстандырса, бізде керісінше адамдар көшіп жатыр. Ақжар аудан орталығы болса, халық саны көбейеді. Олай болмаса, 5 жылдан кейін мұнда 10 мың адам ғана қалады, - дейді Әмірхан Қанағатов.

Әмірханның әріптесі Ербол Қанафин әкім бұл мәселені шешуге асықпаса, оның орнына басқа адам келіп, өзіне дейінгі басшының бастамасынан бас тартуы мүмкін деп қауіптенеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесуде шенеунікке сұрақ қойып тұрған жергілікті тұрғын. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен кездесуде шенеунікке сұрақ қойып тұрған жергілікті тұрғын. Ақжар ауылы, ШҚО, 27 ақпан 2020 жыл.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан адам жоқ. Қытайдың денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссиясының дерегінше, ол елде 78,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Қытайдан басқа елдерде төрт мыңнан астам адамға вирус жұққаны анықталған.

Қазақстан биылғы қаңтардың соңынан бастап Қытаймен бірнеше бағыт бойынша автобус қатынасын, ал ақпан айынан бастап – темір жол және әуе арқылы жолаушы байланысын тоқтатқан. Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Қорғас" шекаралық әріптестіктің халықаралық орталығы жабық тұр. Ақпанның 4-і күні Нұр-Сұлтанда өткен үкімет отырысында Қазақстанның сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қытайдаған Қазақстанға жүк тасымалдау тоқтамағанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG