Астана соты белсенді Ермек Нарымбаевты екі жарым жылға қамауға үкім етті

Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев

Астана қаласының соты азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты сот шешімін орындамады деп танып, екі жарым жылға бостандығынан айырып, қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға үш жарым жылға тыйым салды. Нарымбаев тағылған айыпты мойындамайды, оның қорғаушылары істің саяси астары бар деп есептейді.

БОСТАНДЫҚТАН АЙЫРУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТКЕ ТЫЙЫМ

Астана қаласының соты 4 тамыз күні жария еткен үкімінде азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты Қылмыстық кодекстің 430-бабы ("Заңды күшіне енген сот актісін орындамау") бойынша кінәлі деп таныды.

Үкімге сәйкес, Ермек Нарымбаев екі жарым жылға бостандығынан айрылды және сот оған үш жарым жылға дейін қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салды.

Бұған дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан 56 жастағы Ермек Нарымбаевты үш жылға бостандығынан айыруды және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына бес жылға тыйым салуды сұраған.

Сотта сөйлеген соңғы сөзінде Ермек Нарымбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, қылмыстық істе жәбірленуші де, келтірілген залал да жоқ. Сонымен бірге ол өзіне қатысты ұстау және қамауда ұстау шараларын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді.

Тергеу мен айыптау нұсқасында Нарымбаевтың Facebook әлеуметтік желісінде Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерді сынаған жазбалар жариялағаны айтылған. Айыптау тарабы мұны бұрынғы сот үкімімен белгіленген қоғамдық-саяси қызметке қатысты шектеулерді бұзуға жатқызған.

Қазақстанда биыл наурызда өткен жалпыхалықтық референдумның ресми қорытындысы бойынша, дауыс беруге қатысқан азаматтардың 87 пайызы Конституцияның жаңа нұсқасын қолдаған. Жаңа негізгі заң биыл 1 шілдеден бастап күшіне енген.

Бұған дейінгі сот отырысында мемлекеттік айыптаушы судьядан 56 жастағы Ермек Нарымбаевты үш жылға бостандығынан айыруды және қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына бес жылға тыйым салуды сұраған.

Сотта сөйлеген соңғы сөзінде Ермек Нарымбаев өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды. Оның айтуынша, қылмыстық істе жәбірленуші де, келтірілген залал да жоқ. Сонымен бірге ол өзіне қатысты ұстау және қамауда ұстау шараларын заңсыз деп санайтынын мәлімдеді.

Белсенді биыл ақпан айының басында Бішкекте ұсталып, кейін Астанаға жеткізіліп, тергеу изоляторына қамалған. Содан бері абақтыда отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

"Жасанды интеллектінің жауабы үшін кінә тақты". Ермек Нарымбаев айыпты мойындамайтынын айтты

"БАЛАМА ПІКІРГЕ БОЛА ҚУДАЛАУ"

Қорғаушы тарап Нарымбаевты Қырғызстаннан Қазақстанға берген кезде заң талаптары сақталмаған дейді. Адвокаттардың мәлімдеуінше, оны экстрадициялау немесе депортациялау туралы сот шешімі болмаған, ал Қазақстанға белсендіні қылмыстық іс ресми қозғалғанға дейін беріп жіберген.

Құқық қорғау органдары бұл мәлімдемеге байланысты түсініктеме берген жоқ.

Ермек Нарымбаевтың бауыры әрі қоғамдық қорғаушысы Арман Нарымбаев сот үкімін "балама пікірге бола қудалау" деп атады.

Белсендінің адвокаты Василий Садықов та қылмыстық іс пен шығарылған үкімнің саяси астары бар деп есептейді. Оның пікірінше, бұл іс Қазақстанда 23 тамызға белгіленген бір палаталы жаңа парламент – Құрылтай сайлауы қарсаңындағы саяси қысымның көрінісі болуы мүмкін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Интригасы жоқ науқан. Конституциясы жаңарған Қазақстан Құрылтай сайлауына қалай келді?

Астанадағы бұл жолғы сот процесі кезінде Ермек Нарымбаев Facebook-тегі жазбаларын полиция қызметкерлері өшіргенін айтты. Оның сөзінше, қылмыстық іске тіркелген жазбалардың көшірмелерінің түпнұсқамен сәйкестігі дәлелденбегендіктен, оларды айғақ ретінде пайдалануға болмайды.

Нарымбаевтың ісі бойынша сот процесі кезінде журналистер сот залына кіргізілмеді. Оларға сот барысын ғимараттағы басқа бөлмеден монитордан бақылауға тура келді. БАҚ өкілдері ол трансляцияның бейне және дыбыс сапасы нашар болғанына шағым айтты. 4 тамыздағы отырыста журналистер Нарымбаевтың соңғы сөзінің қорытынды бөлігін толық көріп, ести алмады. Ал сот залында журналистерді жайғастыруға орын жеткілікті болғанымен, оларды ішке кіргізбеді.

ЕРМЕК НАРЫМБАЕВТЫҢ КҮРЕСІ

Азаматтық белсенділікпен айналысып келе жатқанына ширек ғасыр болған Ермек Нарымбаевқа қарсы осы кезге дейін билік оннан астам іс қозғаған. Соның төртеуінде қылмыстық іс бойынша жаза кесіп, өзге істерде әкімшілік жауапқа тартқан.

2010 жылы Ермек Нарымбаев сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкаға кетуін талап етіп, "Назарбаев, кет!" деп ұрандап, митингіге шыққан. Сол жылы "сотты құрметтемеді", "полицияға күш көрсетті" деген айыппен 4 жылға бостандығынан айырылып, колонияға жіберілді. 2012 жылы қамаудан босап шықты.

2016 жылы ол Facebook желісінде өзге автордың кітабынан үзінді жариялағаны үшін "алауыздық қоздыру" бабы бойынша сот үкімімен 3 жылға бостандығынан айырылған. Кейін ол "шын өкініп кешірім" сұраған соң шартты жазамен қамаудан босатылған. Еркіндікке шыққан соң Нарымбаев "өміріне қауіп төнгенін" айтып, 2016 жылы шілдеде Қазақстан билігінің рұқсатынсыз Украинаға кетіп қалды.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең үлкен қантөгіспен аяқталған Қаңтар оқиғасынан кейін "билік пен халық арасында диалог құруға дәнекер болам" деп мәлімдеген белсенді 2022 жылы Ресей Украинаға қарсы кең ауқымды басқыншылық соғысын бастар алдында, 6 ақпанда Қазақстанға оралды. Алматы әуежайына ұшақтан түскен бетте полиция белсендіні пробациялық бақылау талаптарын бұзды деген негізбен ұстады. Кейін сот үкімі бойынша ол Алматы маңындағы түзеу мекемесінде қамауда отырды.

2023 жылғы 31 шілде күні Ермек Нарымбаев Алматы қаласының маңындағы Заречный елдімекеніндегі қамау мекемесінен бостандыққа шыққан. Оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға және қоғамдық-экономикалық мәселелер бойынша жария пікір айтуға тыйым салынды.

  • Ермек Нарымбаев сотты болып, қамауда отырған кезде өзіне жасалған қысым мен азаптауларға наразылық ретінде бірнеше рет аштық жариялаған. 2022 жылы Қазақстан халқы кезектен тыс президент сайлауына дауыс берген кезде түрмеде жазасын өтеп жатқан Нарымбаев сайлау учаскелеріндегі хаттамаларды онлайн жариялауды талап етіп, 54 күн қатарынан аштық жариялаған.
  • Белсенді оған дейін де ең ұзақ аштық акцияларын бастан өткерген. 2010 жылы Алматы облысындағы түрмеде отырған Ермек Нарымбаевтың "жеке басына жасалған әділетсіздіктерге" қарсылық ретінде жариялаған аштық акциясы 73 күнге жалғасқан.
  • Қазақстандық құқық қорғаушылар бірнеше рет істі болған Ермек Нарымбаевты "саяси тұтқын" деп таныған еді. Ресми Астана елде саяси тұтқын жоқ, ешкім саяси ой-пікіріне бола қудаланбайды дейді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Бішкекте ұсталған Ермек Нарымбаевты Астанаға әкеп, екі айға қамадыДиссидент Ермек Нарымбаев Алматыға келе сала ұсталдыЕрмек Нарымбаев 52 жасын түрме ішіндегі изоляторда аштық жариялап қарсы алды"Енді елден ешқайда кетпеймін". Белсенді Ермек Нарымбаев бостандыққа шықтыҚоғамдық қызметке тыйым салу жазалау амалына айналды