Мәскеуде ондаған мың адам биліктен әділ сайлауды талап етіп жатыр. Мемлекеттік арналар мен билікшіл БАҚ наразыларды елдің шырқын бұзып, Қырымды Украинаға қайтаруды қолдайтын, дәстүрлі құндылықтарға қарсылар ретінде, кейбірін тіпті шеруге музыка тыңдау үшін келген деп көрсетуге тырысады.
Ұлттық банк ақша айырбастау орындарының жұмысына бірқатар шектеу енгізуді ұсынды. Ақша айырбастау орындарының иелері "ұсыныс күшіне енсе, елде 1990 жылдардағыдай валюта сататын "қара базар" пайда болады" деп қауіптенеді.
12 тамызда Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашғабаттағы Каспий экономикалық форумында 30 минут сөз сөйледі. Ол сөйлеп жатқанда кейбір қатысушылар қалғып-мүлгіп отырды.
12 тамызда Нью-Йоркте он шақты қазақстандық Ресейдің АҚШ-тағы бас консулдығының алдында наразылық акциясын өткізіп, Қазақстандағы Ресейдің әскери базалары мен полигондарын жабуды, Қазақстанның Еуразия экономикалық одағы мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымын шығуды талап етті.
Фотограф Амос Чаппл бұл суреттерді Түркіменстанға 2012 жылы жазда барғанда түсірген. Әлемдегі ең жабық елдердің біріндегі өмірді көрсететін суреттердің кейбірі алғаш рет жарияланып отыр.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа "тәртіпсіздіктер ұйымдастыру", "заңсыз қару айналымы", "тергеуге кедергі жасау", "кепілге адам алу", "кісі өлтіру" және "адам өлтіруге оқталу" баптары бойынша айыптар тағылды.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде және Бішкектің Ала-Тоо орталық алаңына дейін жеткен көшедегі наразылықта ұсталғандардың басым бөлігі жастар екені анықталды. Олардың арасында жасөспірімдер де бар.
Алматыдағы адам құқықтары жөніндегі бюроға баспасөз жиынына барған журналистерге, соның ішінде Азаттық тілшілеріне жасалған шабуыл жайлы істі тергеуді билік әлі күнге "сөзбұйдаға салып отыр" деп мәлімдеді адвокат Айман Омарова.
Қарағанды облысында археологиялық қазба жұмыстары кезінде үш мың жылдан астам уақыт бұрын өмір сүрген адамдардың сүйектері табылды. Көне дәуірдің екі адамы бір молада құшақтары айқасқан қалпы бірге жерленіпті.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына әкетуге келген күш құрылымдары екі рет шабуыл жасағаннан кейін экс-президенттің Кой-Таш ауылындағы үйі қандай күйде?
Тамыздың 10-ы күні академик Сахаров даңғылындағы митингіден кейін жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат алты жарым шамасында ОМОН және Росгвардия жасақтары "Китай-город" метро станциясы аумағында, Илья алаңы, Маросейкада серуендеп жүрген азаматтарды жаппай ұстай бастады.
Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Осы аптада аймақ баспасөзі Жайық өзенінің күрделі ахуалы, көп балалы аналар мәселесімен шұғылданып жүрген қостанайлық белсендіге "заңсыз митинг ұйымдастырмақ болды" деп айып тағылғанын жазды.
Тамыздың 10-ы күні шымкенттік кәсіподақ белсендісі Ерлан Балтабай және павлодарлық "Версия" газетінің редакторы Ярослав Голышкиннің түрмеден босап шыққаны белгілі болды.
Шетелдік баспасөз осы аптада Қазақстанда қамауда қалған саяси тұтқындарды түгендеп, Нұр-Сұлтанның интернетті бақылау саясатын кідірткенін атап өтті, «рекордтық деңгейге» дейін құлдырауы мүмкін дәнді дақылдарды да сөз етті.
9 тамызда Владимир Путиннің билік маңына келгеніне 20 жыл толды.
Ұлыбритания құрамындағы Уэльсте уэльс тілі мәселелері бойынша арнайы комиссар жұмыс істейді.
8 тамызда Қырғызстан арнайы жасағы Кой-Ташта елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстады.
Қызылордада "әлеуметтік мәселемізді айтқан соң қысымға ұшырадық" деген екі ана үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу орындарына мәжбүрлеп жеткізуге барған билік күштеріне экс-президенттің жақтастары қарсылық танытып, қақтығыста арнайы жасақ өкілі мерт болды.
Тағы