Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Бішкекте Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиті аяқталды.
Гонконгте бірнеше күннен бері миллионға жуық адам «қылмысқа күдіктілерді Қытай, Макао және Тайпейге беру туралы заңға» қарсы наразылыққа шықты. Маусымның 13-і күні Гонконгте мемлекеттік мекемелер уақытша жұмысын тоқтатты.
Нұр-Сұлтанда ұсталып, Шахтинскіде қамалғандар босап шықты. 12 маусымда кешкісін Алматыда полиция жүзден астам адамды ұстады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана, Батыс Қазақстан облысының әкімін, білім және ғылым министрін ауыстырды.
Халықаралық Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымы Қазақстанды адам құқықтары мен бостандықтарын сақтап, оларға қойылған шектеулерді жоюға шақырады.
Наразыларды жаппай ұстаумен ерекшеленген және батыс бақылаушылары заң бұзу фактілері көп болды деп бағалаған президент сайлауында жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді. Ол бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев салған бағыттан таймайтынын мәлімдеді.
Қазақстандағы соңғы оқиғаларды бақылап жүрген шетелдік сарапшылардың пайымдауынша, Назарбаевсыз өткен алғашқы сайлау билікке қарсы наразылықпен есте қалады.
Алматыдағы наразылық. Тоқаевтың инаугурациясы 12 маусымда өтеді. Үкімет интернеттегі ақау туралы айтты.
Маусымның 11-іне қараған түні Алматы полициясы ондаған азаматты ұстады. Содан бірнеше сағат бұрын президент сайлауының ресми қорытындысымен келіспеген бір топ адаммен бірге полиция ұстап әкеткен айтыскер Ринат Зайытовты босатуды талап еткен жақтастары Алматы полициясы департаментінің алдына жиналған
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген. Алматыдағы полиция адамдарды қалай ұстады? Reuters агенттігінің видеосы.
10 маусымда полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте ондаған адамды ұстады. Елде полиция күзеті күшейген.
ОСК президент сайлауында "Нұр Отан" партиясы кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаевтың 70 пайыздан артық дауыс жиғанын жариялады. Тоқаевты ресми ақпарат шықпай тұрып құттықтап үлгерген кандидат Әміржан Қосановтың қылығы жақтаушыларына жақпай қалды. Бақылаушылар сайлауда бұрмалаушылық көп тіркелгенін айтады.
9 маусымда полиция Алматыда наразылық шарасы кезінде жүздеген адамды ұстады. ІІМ мәлімдеуінше, полиция заңға сай әрекет еткен.
Жазуды "өшіретін" қаламсап, алдын ала белгіленген бюллетень. Сайлау күні әлеуметтік желіде тараған видеолар.
Қазақстан президентін сайлауы күні полиция Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте жүзден астам адамды ұстады. Осы күні бірнеше сағат интернет жұмысы баяулады.
ІІМ дерегінше, 9 маусымда Қазақстанда рұқсат етілмеген митинг ұйымдастырып, қатысқаны үшін шамамен жүз шақты адам ұсталды.
Қырғызстанның Шу облысы басшысы Туйгуналы Абдраимовтың қоғамдық маңызы бар мәселе жайлы сұрақ қойған журналистің "түрін ұнатпайтыны" жайлы айтқан сөзі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Шенеуніктің қылығын "этикаға қайшы" деп қабылдап, оны қызметтен кетуге шақырғандар көбейіп жатыр.
Қырғызстандағы Төменгі Орок ауылында Ораза айт намазынан кейін жасөспірімдер арасында шыққан жанжалдың соңы тәртіпсіздікке ұласты. Ресми мәлімет бойынша, оннан астам үйге зиян келген. Билік оқиғадан ұлтаралық сипат іздеуге еш негіз жоқ дейді.
Қазақстан территориясының 3,3 пайызы ғана қорықтар, ұлттық парк, ботаникалық бақ, резерват ретінде ерекше қорғалады. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан әлем бойынша 135-орында тұр.
Маусымның 4-і күні Нұр-Сұлтанда ондаған адам «Нұр Отан» партиясының алдына келіп, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуді талап етті. Сот шешіміне наразыларға Тоқаев шыққан жоқ. Партия өкілдері президенттің ел аралап жүргенін айтты.
Тағы