Ұлыбританияда күшіне енген күмәнді дүние-мүліктің төркінін тексеруге мүмкіндік беретін жаңа заң Қырғызстанның экс-президентінің ұлы Максим Бакиевтің мүлкіне қозғау сала ма?
4 маусымнан бастап күнделікті сағат 18.30-да Азаттықтың AzatNEWS жаңалықтар топтамасы жаңарған күйі тікелей трансляцияға шығады
Батыс баспасөзі Қазақстандағы жаппай көшіру науқаны, Ресей әскерінен құтылуға шақ тұрған Байқоңыр және Астана-Стати соты туралы жазды.
Тбилисиде парламент алдына жиналған мыңдаған адам премьер-министрдің биліктен кетуін талап етті.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Пхеньянға барып, Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесті. 31 мамыр 2018 жыл.
Мұрағаттағы бейнетаспада 1938 жылы Алматыда "сатқындар бандасына" шыққан үкімге қолдау жайлы айтылады
Мамырдың 31-і күні Қазақстан парламенті сенаты президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін заң жобасын мақұлдады.
Сәкен Сейфуллиннің жетпіс жылдығына арналған шарадан түсірілген видеода оның жары Гүлбахрам, інісі Мәжит Сейфуллиннің бейнелері бар
Украина арнайы қызметі ресейлік журналист Аркадий Бабченконың өлімі қолдан ұйымдастырылғанын хабарлады. Арнайы қызмет ұйымдастырған баспасөз мәслихатына Бабченконың өзі де қатысты.
АҚШ әлемнің ондаған елінде діни бостандықтың қатты шектеуге ұшырағанын, олардың ішінде Қазақстанның бар екенін мәлімдеді.
Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченкоға қастандық жасалды. Дүкеннен келе жатқан журналисті ту сыртынан үш рет атқан.
Қырғызстандағы Бозымчак кенішінде жұмыс істейтін қазақстандық "КазМинералсБозымчак" компаниясының директоры Ілияс Түлекеев үй қамаққа алынды.
Түркіменстанның Дашогуз және Лебап уәлаяттарында құм аралас тұзды боран көтерілді.
Халықаралық тергеу тобының жаңа тұжырымында "Малайзия әуе желілері" компаниясының МН17 рейсімен ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағын ресейлік 53-зенит-зымыран бригадасының қару-жарағы есебінде болған "Бук" қондырғысынан атып түсіргені айтылған
Самарқанда Өзбекстанның тұңғыш президенті марқұм Ислам Каримовтің бейнесі салынған кәдесый сатушыларға қарсы рейд жүргізілді. Саудагерлер табыс әкелетін әлгіндей заттарды сатумен күнкөріс үшін айналысатынын айтады.
Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару органдарына шабуыл үдеп барады. Муниципалитет басшыларын тікелей сайлау күшін жою мүмкіндігі Мемлекеттік дума жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңға түзетулер енгізген кезде пайда болды.
Ресейде президент Владимир Путиннің саясатымен келіспейтін аймақ басшылары некен-саяқ. Солардың бірі – Екатеринбург қаласының мэрі Евгений Ройзман қызметінен кетті. Кремль қожайынына ашық қарсы шыққан Ройзман кім, оның ендігі тағдыры қандай болмақ?
Азаттықтың "Сибирь.Реалии" жобасының тілшісі Ресейдің Красноярск өлкесінде бірауыздан Путинге дауыс берген Лощинка ауылына барып, жағдайымен танысып қайтты.
Тағы