
Нұрбек ТҮСІПХАН
Алматы облысы Қарғалы ауылындағы Тынышбаев атындағы мектептің түлегі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін филология мамандығы бойынша бітірген. "Парасат" журналында, "Шалқар" радиосында, "Алматы" және "ТАҢ" телеарналарында жұмыс істеген. Әдеби сын мақала да жазған. Азаттық радиосында 2016 жылдан бері қызмет атқарады. AzatNEWS жаңалықтарының продюсері әрі жүргізушісі.