АҚШ әскери қару-жарақ сатудан әлемде өзге елдерден алда тұр. Екінші орында - Ресей. АҚШ соңғы бес жылда қару сатуды едәуір арттырса, Ресейдің үлесі кеміген. Бұл туралы Стокгольм халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты есебінде айтылған.
Наурыздың 7-сі күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әйелдерді қабылдады. "Көктем шуағы" деп аталған кездесуде Назарбаев "қол жайып, үкіметтен көмек сұрай бермей, жұмыс істеу керектігін" айтты.
Қазақстандық саясаттанушы Расул Жұмалының пікірінше, үкіметке қарсы наразылыққа шыққан Алжир мен қазіргі Қазақстанның саяси құрылымында ұқсастық көп.
Адамзат тарихындағы жаппай қырып-жою қару түрлерінің ең алғашқысы - химиялық қарудың ірі қоймасында Орталық Азия өкілдері де жұмыс істеген. Алайда олардың дені қаза тапқаны айтылады.
Америкалық Forbes журналы жыл сайын жариялайтын дүние жүзіндегі дәулетті адамдар тізімінде биыл 2 153 миллиардер бар. Олардың бесеуі – қазақстандықтар.
Өзбекстан бас прокуратурасы елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің үлкен қызы Гүлнара Каримова "жаза өтеу тәртібін бұзғаны" үшін сот үкімімен түзеу колониясына жіберілгенін хабарлады. Каримованың қызы Иман "анамды ұрлады" деп билікті айыптады.
Forbes журналы жыл сайын жариялайтын дүние жүзіндегі дәулетті адамдар тізіміне жаңадан қосылған байлардың басым көпшілігі - технология мен өнеркәсіп саласынан.
Ресей президенті Владимир Путин СССР мен АҚШ арасындағы ядролық қаруды бақылау келісіміне Ресейдің қатысуын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
4 наурызда Алматы қаласы Наурызбай ауданында бір топ әйел жиналып, билікке талаптарын қойды.Әкімдікке келгендер арасында көп балалы аналардан бөлек, жалғызбасты аналар мен екі-үш бала тапқан әйелдер де бар.
Өткен айда шетелден Душанбеге оралған тәжікстандық қуғындағы оппозиция белсендісі Еуропаға қайтып барды.
Орталық Азияның кедей мемлекеті Тәжікстанда жұмыс табу өте қиын. Әсіресе ауылды жерде бірнеше баласымен тұрып жатқан, басқа жаққа кетуге мүмкіндігі жоқ әйелдер жоқшылық зардабын тартып отыр.
Наурыздың 1-і күні Солсбери қаласын "Новичок" қалдығынан толық тазартылғанын жариялайды. Бір жыл бұрын әскери улы зат қолданылған шабуылға Ұлыбритания мен Батыс елдері Ресейді айыптаған.
АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы адвокаты Майкл Коэн 27 ақпанда конгреске келіп, куәлік етті. Ол өз сөзінде қазақстандық БТА банктен ақша алғанын айтты. Банк Коэннің сөзін растап, оған қанша ақша төлегенін хабарлады.
1989 жылы 28 ақпанда ақын Олжас Сүлейменов "Невада - Семей" антиядролық қозғалысын құру туралы ұсыныс айтып, Алматыда митингі өтті.
27 ақпанда "Нұр Отан" партиясының съезінде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мақтау айтылып жатқанда Астана мен Алматыда ондаған адамды полиция ұстады.
Қытай сегіз елдің БҰҰ-дағы өкілдеріне Шыңжаңдағы лагерьлерді көрсетті. Шыңжаңға барғандардың арасында БҰҰ-ның ресми өкілдері жоқ.
Ақпанның 25-і күні Қазақстанда жаңа үкімет тағайындалды. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған кандидаттарды депутаттар еш қарсылықсыз қабылдады. Қазақстан үкіметін енді Асқар Мамин басқарады.
Қазақстандық ең қымбат футболшының трансфердегі бағасы - 2,5 млн еуро. Ал әлемдегі ең қымбат футболшының құны - 200 млн еуро. (Инфографиканы дайындауға Төлепберген Маликов атсалысты)
Қазақстандықтар Бақытжан Сағынтаев басқаратын үкіметтің тарауын әлеуметтік желіде талқылап жатыр. Олар министрлер кабинетін таратуға себеп болған мәселелерге қатысты ой-пікірлерін айтып, келесі үкіметтің құрамы қандай болатыны жайлы болжам жасаған.
Душанбе Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымында болған содырлардың отбасы мүшелері - тәжікстандық әйелдер мен олардың балалары Отанына қайтқысы келсе қабылдайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Қазақстан өз азаматтарын Таяу Шығыстан елге қайтаруды жалғастыратынын айтқан.
Тағы