Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков елдің Қауіпсіздік кеңесі отырысында сот, прокуратура және қауіпсіздік органдарының ісін сынады.
2005 жылы Әндіжандағы қанды оқиғалардан кейін Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметі құзырына берілген арнайы ішкі әскер қазір қайтадан Ішкі істер министрлігіне қайтарылып жатыр.
Актер Ерлан Біләлге үкім шықты. Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін Назарбаевтың өмір бойы басқаруына депутаттар пікірі. Асыраушысы Қытайдан қайтпаған отбасы көмекке мұқтаж.
Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы - Өкілдер мәжілісі заңнамаға түзету енгізіп, президенттікке үміткердің жас шектеуін 35-тен 30 жасқа төмендетті. 2016 жылғы референдумда цензді төмендетуді мақұлдап тастағандықтан, ендігі түзету тек техникалық сипатқа ие болды.
Қазақстанда тағы да монархия орнату идеясын ұсынатындар шыға бастады. Бұл жолы жас ақын Балтабек Нұрғалиев осындай ұсыныс тастады. Бірқатар қазақстандық БАҚ-қа сұхбат берген Нұрғалиев «елді тек Назарбаевтар династиясы басқаруы керек» деп мәлімдеді. Азаттық Қазақстанда монархия орнатайық деген басқа да бастамашыларды еске түсіріп, бұған қатысты сарапшылардың пікірін тыңдады.
Өткен айда Қырғызстанда жиналған төлем көлемі күрт ұлғайған. Ош кеденінде түсімнің 10 есеге өскені белгілі болды.
Астанада "Абу Даби плазаның" наразы жұмысшылары тағы жиналды. Орамал тағатын оқушылардың жеке мектепте оқу мүмкіндігі жайлы министр пікірі. Алматыда қоғамдық көлікпен жүру қымбаттай ма?
Сирияның Шығыс Гута аймағында болған әуе шабуылынан кем дегенде 20-дан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ұлы Сердармен бірге Ашғабаттағы Ақалтеке ат баптау кешеніне барып, серуендеп қайтқан.
Ақпанның 3-і күні содырлар Сирияның Идлиб провинциясында ресейлік Су-25 әскери ұшағын атып түсірген еді. Ұшқыш, майор Роман Николаевич Филипов парашютпен секіріп, қарсыластың территориясына аман-есен түскенімен, атыс кезінде қаза тапқан. Су-25 шабуылдаушы ұшағы - Сирияда содырлар құлатқан және жерден атып түсірілген алғашқы ресейлік ұшақ.
Дональд Трамптың сайлауалды штабының мүшесіне Ресей барлау қызметі тыңшылық жасады деген құжатты Дональд Трамп әділет министрлігінің қарсылығына қарамастан жариялады.
Азаттық видеосын көрген көп адам отбасын асырап отырған ауғанстандық 13 жасар Мансұрға көмектесті. Қазір ол мектепке дайындалып, өзге қатарластары тәрізді балалық өмірге қайта оралды.
Ақтөбеде мектеп директорларын сотқа берген ата-аналар үкімге наразы. Астаналық бір топ тұрғын "үйлері күреледі" дегелі ертеңгі күндеріне алаңдайды. Францияда мигранттар жанжалдасып қалды. AzatNews-тың жұма күнгі шығарылымы.
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан аумағына құлату жоспарланған "Союз-2" зымыраны бөлшектері қоршаған ортаға зиян әкелмейді деп сендіруге тырысады. Зымыран бөлшегін құлатуға қарсы белсенді ондай зерттеу қорытындысын жұртқа жариялауды талап етеді.
Шетелге кетіп қалған кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев Қазақстанға оралды. Ол өзі мен отбасының қауіпсіздігіне кепілдік берген "жоғарыдағы кісілердің" сөзіне сенімді болған соң елге келгенін айтады.
Польша парламенті мақұлдаған Холокост туралы даулы заң жобасы Израиль мен Украинаның наразылығын тудырды.
ҰҚК-ның экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың жаза мерзімі ұзарды. Бейресми "хиджаб күні" хиджабқа қарапайым тұрғындар мен депутаттар пікірі. Жапонияда қарттар үйі өртенді.
Ақмола гарнизонының әскери соты ҰҚК-нің бұрынғы басшысы, бұған дейін сотталған Нартай Дүтбаевты "қаржы жымқыру және жылыстату" айыбы бойынша 12 жылға соттады.
Тағы