Талдықорғанда "Атажұрт" белсенділеріне сот үкімі шықты. | Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанды халықаралық нормаларды бұзды деп тапты. | Путин жақтап, Трамп мақтаса да Виктор Орбан Венгриядағы сайлауда жеңіліп қалды.
АҚШ пен Иран Пәкістандағы келіссөзде ортақ бітімге келе алмады. Екі жақ та бірнеше шарт бойынша келісе алғанын айтты. АҚШ вице-президентінің сөзінше, ядролық мәселеге келгенде келіссөз тұйыққа тірелген. Осыдан кейін АҚШ президенті Ормұз бұғазына кіріп-шығатын кемелердің жолын жабуды бұйырды.
Қытай туы мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің портретін өртеп, наразылық акциясын өткізген "Атажұрт" белсенділеріне және олардың жақтастарына үкім оқыды. Сот "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен айыпталған 19 адамның бәрін кінәлі деп тапты.
Венгриядағы парламент сайлауында оппозиция лидері Петер Мадияр елдің қазіргі премьер-министрі Виктор Орбанды айқын басымдықпен жеңді. Орбан АҚШ президенті Дональд Трамптың Еуропадағы ең жақын серіктестерінің бірі болып, сөйте тұра Кремльмен де тығыз қарым-қатынас құрған.
Чехия астанасы Праганың орталығында Наурыз тойы өтті. Қазақтар киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар пісірді, ұлттық ойындар ойнады. Шараны Qazaq Nomad қауымдастығы ұйымдастырды, оған Праганың жергілікті әкімшілігі мен Қазақстан елшілігі қолдау білдірді. Чехияда 10 мыңға жуық қазақстандық тұрады.
Исламабадта өткен келіссөзде АҚШ пен Иран ортақ келісімге келе алмады. АҚШ вице-президенті Тегеран ядролық қаруға қатысты міндеттеме алғысы келмейді мәлімдесе, Иран тарапы АҚШ-ты шамадан тыс талап қойды деп кінәлады. Сарапшылар бұл жағдай Таяу Шығыстағы әскери шиеленіс қаупін арттыруы мүмкін дейді.
Қазақстанда Құрылтай сайлауы тамызда өтетін болды. |Форбс журналы Қазақстандағы ауқатты әйелдердің тізімін жариялады. | Ресейде Telegram бұғатталып, интернетке кіру қиындап кетті.
Олар Қытайда қамалған жігіттің мәселесіне назар аудартып, кезекті видеоүндеу жазамыз деп ойлаған. Істің соңы "19-дың" соты деген үлкен дауға ұласып, халықаралық мәселе тудырарын білді ме? Талдықорғанда "Ұлтаралық араздықты қоздыру" бабымен сотталып жатқандар кімдер? "Ту өртеу" қалай ұйымдастырылды?
Қытай туын өртеп, істі боп жатқан "Атажұрт" ұйымының 19 белсендісі соттағы соңғы сөзін айтты. | Тимур-Динара Құлыбаевтардың былтыр мемлекетке жүздеген млрд теңге аударғаны мәлім болды. | Ливанға шабуылдан кемі 250 адам қаза тапқан соң Иран Ормуз бұғазын ашудан бас тартты.
Мәжіліс психологиялық қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Депутаттар бір-бір жарым жылдық курстар оқып психолог болып жүрген мамандардың жұмысын шектемек. Дипломы барлардың базасын жасамақ. Психологтарды жауапқа тарту да қарастырылады. Азаттық психолог Сая Бақимовамен сөйлесті.
Билік психолог, коучтардың қызметін реттейтін заң қабылдамақ. | Алматыда заңгер-блогердің абақтыдағы мерзімі екі айға ұзарды. Түркістанда белсенді 20 күнге қамалды. | Қырғызстан билігі Ресей түрмесінде отырған жүздеген азаматын елге қайтармақ.
АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтатуға келісті. Бітімге келгенін әуелі Ақ үй жетекшісі Дональд Трамп жазды. Көп өтпей бұл ақпаратты ресми Тегеран да растап, Вашингтон қабылдаған 10 шартты жариялады. Израиль үкіметі де Трамп шешімін қолдайтынын айтты, бірақ «мәміле Ливанға қатысты емес» деді.
Депутаттар Қазақстанда мұнай-газ өндіретін шетелдік алып компаниялардың басшыларынан есеп сұрады. Алматыда әкімдік «Рахат» базарын сүріп, орнына жаңа сауда үйін салмақ. Иранның жаңа рухани көсемі "ес түсссіз жатыр" деген ақпарат тарады. Трамп тағы сес көрсетті.
Алты жыл бұрын Қазақстанда бейбіт жиындар туралы заң қабылданып, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев енді митинг өткізуге рұқсат алу керек емес, тек хабарласа жеткілікті деген. Бірақ содан бері қоғам белсенділері жиындарды еркін өткізе алмай келеді.
Туыстары "Атажұрт" ұйымының абақтыдағы белсенділеріне қысым болып жатқанын мәлімдеді. Павлодарда пикетке шығатынын айтқан адам қамалды. Қостанайда блогер 7 жарым жылға сотталды. Дағыстанда тасқын су жүзден аса ауылға жайылып, екі мың үйді басып қалды.
Иранның Исфаһан аймағында АҚШ-тың құпия операцияларға арналған ұшақтары жойылды. ЦАХАЛ-дың әуе соққысынан Иранның бас барлаушысы Мажит Хадеми қаза тапты.
Семейлік Олжас Тұрсынов — Қазақстанда декретке шыққан санаулы әкенің бірі. Жақсы жалақысы бар жұмысын уақытша тоқтатып, сәбиін бағып-қағуды ұйғарған. Қазір Олжас жүзге жуық азаматтың басын біріктірген "Әкелер әлемі" чатын жүргізіп отыр.
Тағы