Тәуелсіз басылымдарда “Қазақгейт” тақырыбы сөз болыпты. Экс-премьер Әкежан Қажыгелдин таяуда Александр Машкевич жетекшілік ететін “Еуразиялық топ” өкілдерінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Америка Құрама Штатындағы “Қазақгейт” сот процесіне байланысты оқиғаға араласып, оны шешіп беруге уәде бергендерін хабарлапты.