Accessibility links

Қазақстандық БАҚ қарсылық акциясы жайлы тіс жармады

Цензураға қарсы флешмоб өткізіп тұрған жастар. (Көрнекі сурет.)
Цензураға қарсы флешмоб өткізіп тұрған жастар. (Көрнекі сурет.)

Қазақстанда бейсенбіде бірнеше қалада рұқсат етілмеген қарсылық акциясына шыққан азаматтарды биліктің күшпен таратып, көп адамды ұстағаны туралы елдегі БАҚ үнсіз қалды. Кей сарапшылар мұны конституцияда кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығының шынайы жай-күйінің көрінісі деп атайды.

"ЕСТІМЕДІМ, КӨРМЕДІМ.."

Мамырдың 10-ы күні Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Семей және Орал қалаларында билікке "саяси тұтқындарға бостандық беру" және "азаптауды тоқтату" туралы талап қойып, қарсылық акциясына шыққандар туралы елдегі бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігі ешқандай ақпарат таратпады.

Авторитарлық билік басқаруындағы Қазақстан үшін тұрғындардың бірдей талаппен бірнеше қалада рұқсат етілмеген қарсылық шеруіне жиналып шығуы – сирек болатын оқиға. Соңғы рет ортақ мәселе арқау болған мұндай наразылық акциялары Қазақстанның бірнеше аймағында 2016 жылы көктемде қоғамда үкіметтің жер реформасына қарсылық туған кезде өткен.

Алматыдағы қарсылық акциясына қатысушылар. 10 мамыр 2018 жыл.
Алматыдағы қарсылық акциясына қатысушылар. 10 мамыр 2018 жыл.

Бейсенбіде Алматы мен Астана және өзге қалаларда наразылық шеруіне шыққан азаматтардың, кей мәліметтер бойынша, жүзден астамы ұсталып, кейбірі әкімшілік жауапқа тартылғаны туралы ақпаратты қазақстандықтар негізінен әлеуметтік желілер мен шетелдік баспасөз құралдары жариялаған ақпараттардан хабардар болды. Мамырдың 10-ы күні қарсылық акциялары өткен орындарда қазақстандық телеарналардың хабар дайындап жүрген журналистері байқалмады.

Сол күні республика аумағына хабар тарататын телеарналар эфирінен де қарсылық шеруіне шыққандар туралы ешқандай ақпарат берілген жоқ. Мамырдың 11-і күні қазақстандық БАҚ сайттарындағы материалдарды шолып шыққан Азаттық тілшісі бірлі-жарым тәуелсіз басылымнан басқа ешбірінен кешегі болған наразылық акциялары жайлы ақпаратты кездестіре алмады.

Азаттық фотогалереясы. Наразыларды жаппай ұстаған күн:

Наразыларды жаппай ұстаған күн

Астанадағы акцияға қатысушылар еуропалық бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдеріктері орналасқан ғимарат алдына жиналып, Қазақстан билігіне талаптарын айтты.
1/17 Астанадағы акцияға қатысушылар еуропалық бірнеше мемлекеттің дипломатиялық өкілдеріктері орналасқан ғимарат алдына жиналып, Қазақстан билігіне талаптарын айтты.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Акцияға жиналғандар: «Саяси тұтқындарға бостандық берілсін!», «Масқара!» деп айғайлады.
2/17 Акцияға жиналғандар: «Саяси тұтқындарға бостандық берілсін!», «Масқара!» деп айғайлады.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Акцияда белсенділік танытқандарды полиция ұстап, көлікке салып алып кетті.
3/17 Акцияда белсенділік танытқандарды полиция ұстап, көлікке салып алып кетті.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Билік өкілдері азаматтарды неге ұстап жатқандарын сұраған Азаттық тілшілеріне жауап бермеді.
4/17 Билік өкілдері азаматтарды неге ұстап жатқандарын сұраған Азаттық тілшілеріне жауап бермеді.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Белсенділердің айтуынша, бұл наразылық акциясы Еуропа Одағы мен Қазақстан арасында жасалған серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің орындалу барысын бағалау үшін Астанаға келетін Еуропа парламенті ресми делегациясының сапарына орайластырылып өткізіліп отыр.
5/17 Белсенділердің айтуынша, бұл наразылық акциясы Еуропа Одағы мен Қазақстан арасында жасалған серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің орындалу барысын бағалау үшін Астанаға келетін Еуропа парламенті ресми делегациясының сапарына орайластырылып өткізіліп отыр.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ымырасыз сынап жүрген оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов өз жақтастарын мамырдың 10-ы күні билікке талаппен наразылық акциясына шығуға шақырған. Ол негізін қалаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын наурыз айында Астана соты "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған.
6/17 Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ымырасыз сынап жүрген оппозициялық саясаткер, бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов өз жақтастарын мамырдың 10-ы күні билікке талаппен наразылық акциясына шығуға шақырған. Ол негізін қалаған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын наурыз айында Астана соты "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Ұсталғандардың арасында әртүрлі жастағы адамдар болды. Астанада жанына ерткен жасөспіріммен (ұлы болуы ықтимал) бірге автобусқа отырғызған әйел: "Ол әлі кішкентай ғой, сендерге не болған, балалар! Ол небары 12 жаста!" деп айғайлады.
7/17 Ұсталғандардың арасында әртүрлі жастағы адамдар болды. Астанада жанына ерткен жасөспіріммен (ұлы болуы ықтимал) бірге автобусқа отырғызған әйел: "Ол әлі кішкентай ғой, сендерге не болған, балалар! Ол небары 12 жаста!" деп айғайлады.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Бұл күні нақты қанша адам ұсталғаны әзірше белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Астанада ондаған азамат ұсталған.
8/17 Бұл күні нақты қанша адам ұсталғаны әзірше белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Астанада ондаған азамат ұсталған.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Алматыда да полиция бейсенбіде рұқсат етілмеген "саяси тұтқындарды қолдау" акциясына жиналған адамдарды жаппай ұстады.
9/17 Алматыда да полиция бейсенбіде рұқсат етілмеген "саяси тұтқындарды қолдау" акциясына жиналған адамдарды жаппай ұстады.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Полиция өкілдері Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрына жапсарлас Панфилов көшесінде адамдарды ұстап жатыр.
10/17 Полиция өкілдері Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрына жапсарлас Панфилов көшесінде адамдарды ұстап жатыр.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, Алматыда наразылық акциясы болған жерден полиция 80-ге жуық адамды ұстап әкеткен.
11/17 Азаттық тілшісінің оқиға орнынан хабарлауынша, Алматыда наразылық акциясы болған жерден полиция 80-ге жуық адамды ұстап әкеткен.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Әуе шарын полиция қызметкерлері жарып тастағанына жылаған бала. Бұған дейін Мұхтар Әблязов биылғы Наурыз мейрамы кезінде жұртты көшедегі мерекелік шараларға көк түсті шар ұстап шығуға үндеген. Сол кезде мейрам күні көк шар ұстап шыққан кей адамдарды <a href="https://www.azattyq.org/a/press_review_kazakh_oppoistion_color_blue_balloons_mukhtar_ablyazov/29136640.html" target="_blank"><strong>полиция ұстаған</strong> </a>болатын.
12/17 Әуе шарын полиция қызметкерлері жарып тастағанына жылаған бала. Бұған дейін Мұхтар Әблязов биылғы Наурыз мейрамы кезінде жұртты көшедегі мерекелік шараларға көк түсті шар ұстап шығуға үндеген. Сол кезде мейрам күні көк шар ұстап шыққан кей адамдарды полиция ұстаған болатын.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Наразылық акциясына шыққандардың бірін полиция қызметкерлері ұстап жатыр.
13/17 Наразылық акциясына шыққандардың бірін полиция қызметкерлері ұстап жатыр.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Алматыда наразылық акциясына қатысушылар биліктен &quot;бостандыққа шығаруды талап еткен саяси тұтқындар&quot; арасында 2006 жылғы &quot;Шаңырақ оқиғасы&quot; бойынша сотталған диссидент Арон Атабек, &quot;Қазатомөнеркәсіп&quot; ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев, 2016 жылы &quot;жер шеруіне&quot; қатысқаннан кейін сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаев, Алматының тергеу абақтысында отырған кәсіпкер Ескендір Ерімбетов және басқалардың есімдері аталды.
14/17 Алматыда наразылық акциясына қатысушылар биліктен "бостандыққа шығаруды талап еткен саяси тұтқындар" арасында 2006 жылғы "Шаңырақ оқиғасы" бойынша сотталған диссидент Арон Атабек, "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев, 2016 жылы "жер шеруіне" қатысқаннан кейін сотталған атыраулық белсенді Макс Боқаев, Алматының тергеу абақтысында отырған кәсіпкер Ескендір Ерімбетов және басқалардың есімдері аталды.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Қарсылық акциясына шыққан азаматты полиция әкетіп барады.
15/17 Қарсылық акциясына шыққан азаматты полиция әкетіп барады.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Мамырдың 10-ы күні Алматы мен Астанамен қоса Семей, Шымкент, Ақтөбе мен Орал қалаларында азаматтар қарсылық акциясына шыққан. Қазақстан бойынша нақты қанша адам ұсталғаны әзірше белгісіз. Алматыда тәуліктің екінші жартысында бүгінгі акциядан ұсталған адамдарға қарсы әкімшілік істерді сот қарай бастаған.
16/17 Мамырдың 10-ы күні Алматы мен Астанамен қоса Семей, Шымкент, Ақтөбе мен Орал қалаларында азаматтар қарсылық акциясына шыққан. Қазақстан бойынша нақты қанша адам ұсталғаны әзірше белгісіз. Алматыда тәуліктің екінші жартысында бүгінгі акциядан ұсталған адамдарға қарсы әкімшілік істерді сот қарай бастаған.
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Наразылық акциясындағы ұрандар.&nbsp;
17/17 Наразылық акциясындағы ұрандар. 
Мамырдың 10-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында азаматтар билікке "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптау тоқтатылсын!" деген талаптармен рұқсат етілмеген акцияға шықты. Наразылық шарасына қатысқан ондаған адамды полиция ұстап әкетті. Алматы мен Астанадағы акциялардан Азаттық тілшілері түсірген фотосуреттер.
Previous slide
Next slide

Қазақстанның бірнеше қаласында тұрғындар қарсылық акцияларына шығып, азаматтардың жаппай ұсталғанына қатысты атқарушы билік өкілдері де ешқандай пікір білдірмеді. Оқиға болған күннің ертесінде Азаттық тілшілері акция туралы пікірін сұраған парламент Мәжілісінің бірнеше депутаты – Сергей Симонов, Магеррам Магеррамов, Владимир Косарев "елде митинг болғаны туралы баспасөз құралдарында ешқандай ақпарат болмағанын, алғаш рет Азаттық тілшісінен естіп тұрғандарын" айтты. Сол тәрізді, Мәжіліс депутаттары Қабиболла Жақыпов пен Альберт Рау да "ештеңе естімеген" болып шықты.

ВИДЕО: "Наразылық туралы естімедім ..."

"Наразылық туралы естімедім..."
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

Мамырдың 10-ы күні Алматы мен Астанада және өзге қалаларда билік рұқсат етпеген қарсылық акциясына жиналғандар ол туралы содан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерден хабардар болғандарын жасырмайды.

Қазақстанға Еуропа парламенті делегациясы келуіне орайластырып қарсылық шеруін өткізу туралы бастаманы Астананың Есіл аудандық сотының наурыздағы шешімімен "экстремистік ұйым" деп танылып, қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының негізін қалаушы, қазір Францияда тұрып жатқан экс-банкир, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сынаушы Мұхтар Әблязов көтерген. Әйткенмен, бейсенбі күні қарсылық акциясына жиналғандардың арасында "Әблязовті қолдау үшін емес, азаматтық құқықтар мен бостандықтарын қорғау үшін" келгендерін айтқандар да болды.

"МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТҚА ҚАРСЫ"

Азаттық тілшісі сөйлескен сарапшылардың сөзінше, елде болған наразылық акциясы – оны ұйымдастырушылардың кім екендігіне қарамастан ақпарат құралдары назар аударатындай қоғамдық маңызы бар оқиға. Алайда, соған қарамастан, елдегі баспасөз құралдарының басым бөлігі бұл акцияларды елеусіз қалдырды.

Билік шешімімен жабылған басылым журналистері әкімшілік сот алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 7 ақпан 2013 жыл.
Билік шешімімен жабылған басылым журналистері әкімшілік сот алдында наразылық шарасын өткізіп тұр. Алматы, 7 ақпан 2013 жыл.

Мемлекеттік тендер арқылы тапсырыс алатын бұқаралық ақпарат құралында жұмыс істейтін журналист Азаттық тілшісімен әңгімеде "билікке түрлі деңгейде тәуелді ақпарат құралдары оның рұқсатынсыз мұндай оқиға туралы хабарды тарата алмайтынын" айтты. Өзі жұмыс істейтін редакцияға қысым болуы мүмкін деп, аты-жөнін атамауды өтінген журналистің сөзінше, "қазақстандық БАҚ қозғамайтын, цензура қойылған тақырыптар" бар.

- Әблязовтің қатысы бар деп саналған кез-келген оқиға мемлекеттік саясатқа қарсы келген болып есептеледі. Сондықтан БАҚ лицензиясынан айырылып қалмас үшін үнсіз отырады. Өйткені бәрі де тендер арқылы тапсырыс алады. Бізде тәуелсіз ақпарат құралы бар деп айта алмаймын, ондай ақпарат құралы тіпті есіме түспей отыр, - дейді ол.

БАҚ лицензиясынан айырылып қалмас үшін үнсіз отырады

Алматылық журналист тек оппозиция акциясы ғана емес, одан өзге де жабық тақырыптар барын, мәселен, таяуда Қытайдағы қазақ диаспорасына қысым жайлы конференция өткенде де барлығына арнайы шақырту жіберілгеніне қарамастан бірер басылымдардан өзге ешбір телеарна келмегенін айтып берді.

- 2016 жылы "жер шеруі" алдында да ресми БАҚ үнсіз отырды. Жаппай митингілер болып, биліктің ауаны байқалғаннан кейін ғана өткір материалдар бере бастады, - дейді ол.

Сонымен бірге журналист "тыйым салынған тақырыптар мәселесі журналистер арасында әрдайым өзара талқыланатынын" да айтады.

- Сонда журналистердің өздері субъективті пікірлерін бірінші кезекке қоятынын байқадым. Өздері дұрыс емес деп санаса ол туралы жазғысы да келмейді, - дейді ол.

"САНАДАҒЫ ЦЕНЗУРА"

Қазақстан Конституциясының 20-бабында "Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады" деп көрсетілген. Сонымен қатар "Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар" екені айтылған.

Сөз бостандығы жайлы бірнеше ғылыми зерттеудің авторы Қуандық Шамахай "журналистің субъективті пікірі" дегенді "санадағы цензураға" балайды. Оның сөзінше, Қазақстанда "журналист немесе БАҚ-тың өзі жоғарыдан нұсқау түспесе де кей мәселелерді хабарламауға тырысады".

- Қазақстандық баспасөзде цензура қағаз жүзінде жойылғанымен, іс жүзінде әлі бар. Оған "билікке ұнамай қала ма" деп жалтақтайтын санадағы цензура және қосылады. "Мұны жазсақ оппозицияны қолдаған сияқты боламыз" деп ойлайтын болуы керек. Баспасөздің міндеті наразылық акциясын қолдау немесе қолдамау емес, бейтарап хабар таратса да болады, - дейді ол.

Баспасөз бостандығына арналған шарада цензураны бейнелейтін қуыршақты өртеп жатыр. Алматы, 24 маусым 2006 жыл.
Баспасөз бостандығына арналған шарада цензураны бейнелейтін қуыршақты өртеп жатыр. Алматы, 24 маусым 2006 жыл.

Қуандық Шамахайдың сөзінше, мамырдың 10-ы күні Қазақстанда наразылық акциясына шыққандардың бәрі дерлік Мұхтар Әблязовті қолдап келмеген. "Арасында жеке басының мәселесін айтқысы келетіндер де, бүгінгі тұрмыс-тіршілігіне көңіл толмаушылар да кездеседі. Баспасөз осындай әлеуметтік мәселелерге де назар аударуы керек" дейді ол.

Елеулі қоғамдық оқиға туралы қоғам хабардар болмаса салдары ауыр болуы мүмкін

- Ақпарат дер кезінде таралмаса биліктің кей мәселелерді естімеген, білмеген боп қалуына, жауапкершіліктен жалтаруына түрткі болуы ықтимал. Бұл жағдай қоғамдағы ахуалды жақсартатын үрдіс емес. Елеулі қоғамдық оқиға туралы қоғам хабардар болмаса салдары ауыр болуы мүмкін, - дейді ол.

Сөз бостандығын қорғаумен айналысатын қазақстандық "Әділ сөз" қоғамдық ұйымының жетекшісі Тамара Калееваның сөзінше, елдегі мемлекеттік тендерге қатысатын бұқаралық ақпарат құралдарының мамырдың 10-ы күнгі наразылық акциясы жайлы ақпарат таратпауы – Қазақстандағы сөз бостандығының деңгейін көрсетеді.

"Әділ сөз" қоғамдық ұйымы жетекшісі Тамара Калеева баспасөз бостандығын қорғауға арналған наразылық акциясында тұр. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.
"Әділ сөз" қоғамдық ұйымы жетекшісі Тамара Калеева баспасөз бостандығын қорғауға арналған наразылық акциясында тұр. Алматы, 24 маусым 2009 жыл.

- Еркіндігі шектелмеген ақпарат құралдары мұндай оқиғаларды міндетті түрде көрсетер еді, өйткені бұл баспасөздің рейтингіне әсер ететін оқиға. Кейбір телеарналарда аздап еркіндік бар еді, бұл жолы мүлде үнсіз қалды. Жекелеген батыл журналистер бол болғанымен БАҚ-тың өзінде үрей бар, - дейді ол.

Тамара Калееваның пікірінше, "бұл жайт БАҚ пен оған цензура орнатқан биліктің беделін түсіреді".

- Қазіргідей интернет заманында қандай да бір оқиға елеусіз қалмайтынын билік ескергісі келмейтін сияқты. Халық полицияның адамдарды қалай алып кеткенін көрді. Енді соған орай бағасын береді. Бұл жағдайда цензор да, билікке бағынышты басылымдар да өте қатты ұтылды, - дейді құқық қорғаушы.

Сарапшылардың пікірінен кейін Азаттық тілшісі Ақпарат және коммуникация министрлігіне "ақпарат құралдарында жариялауға болмайын тақырыптар" туралы сауал қоймақшы болған еді. Алайда министрліктің баспасөз қызметі жауап беруден бас тартты.

Халық полицияның адамдарды қалай алып кеткенін көрді. Енді соған орай бағасын береді. Бұл жағдайда цензор да, билікке бағынышты басылымдар да өте қатты ұтылды

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters Without Borders, RWB) халықаралық құқық қорғау ұйымының сәуірде жариялаған "Баспасөз еркіндігі индексінің" Қазақстан туралы бөлігінде "Журналистер көп қудалауға ұшырайды. Қазір ел билігі интернетті бақылауға алған. Елде сайттар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер көп бұғатталады" деп жазылған. Ұйымның "баспасөз еркіндігі рейтингінде" Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға төмендеп, 180 елдің арасында 158-орында тұр.

Халықаралық құқық қорғаушы тағы бір ұйым - Freedom House Шығыс және Орталық Еуропа аймағы мен Орталық Азия елдеріндегі еркіндік деңгейі туралы жыл сайынғы есебінде Қазақстанды Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстанмен бірге "автократия орныққан" еркін емес елдер тізіміне қосқан. Ұйым есебінде бұл елдерде билік "саяси бәсекелестерін басып-жаншып, ой-пікірін еркін білдірген тәуелсіз белсенділер мен журналистерді қудалайтынын" атап көрсеткен.

Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев болса елдегі сөз бостандығының жағдайына халықаралық ұйымдардың берген бағасы "субъективті пікірге" сүйеніп жасалған деп санайды. Ол "Қазақстанның баспасөзі еркін" деп біледі. "Он балдық өлшеммен алғанда Қазақстандағы сөз бостандығы – жеті-сегіз баллға тең" деген сәуірде журналистер сұрағына берген жауабында министр Абаев.

Айдар
XS
SM
MD
LG