Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың қызметкерлеріне Aitu қосымшасын қолдануды тапсырды. Бұл қандай платформа? Билік Ресей мен Қытайдың жолын таңдады ма? Цифрлық құқық мамандары бұдан қандай қауіп көреді?
В Туркменистане предпринимателей и мастеров, занимающихся продажей и ремонтом мобильных телефонов, заставляют продавать VPN-системы и серверы, созданные департаментом кибербезопасности МНБ. Там также усилили репрессии против тех, кто использует эти технологии, в первую очередь женщин
ORDA сайтының бас редакторы министр Мұрат Нұртілеуді журналистің өліміне айыптады. "Ұлтаралық араздықты қоздырды" деп күдікке ілінген блогер Мирболат Мырзатайұлы екі айға қамалды. Ресей Қазақстан арқылы Қытайға өтетін мұнайының көлемін арттырмақ. АҚШ президенті Ресейден мұнай алмауға шақырған.
ORDA сайты министр Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Министрлік жоққа шығарды. Банктерден 144 миллиард теңге жымқырып сотталған банкир Жомарт Ертаев 5 жылда босап кетті. Үкімет АӘК берудің тәртібін өзгертпек. Бұдан былай шаңырақтың табысын емес, шығынын есептемек.
Алматыда белсенді Мирболат Мырзатайұлын полиция ұстап отыр. Сыншыл блогердің қай сөзі кімге жақпай қалды? Қаңтар оқиғасынан соң президенті сотқа бермек болған Тимур Дәнебаев түрмеден шықты. Қытай әскери парад өткізді. Мәскеу сияқты Пекин де бұлшық етін бұлтыңдата бастады ма?
Қазақстан Конституциясы қабылданғанына 30 жыл толған шақта қоғамда оны жаңарту керек дейтін әңгіме көтерілді. Тіпті жаңа негізгі заң қандай болуы керектігі жайлы екі түрлі жоба да жарияланды. Ақорда қазіргі Конституцияның мән-мазмұнын сақтауды жөн көргенін айтады. Азаттық жоба авторымен сөйлесті.
Қазақстанға жаңа конституция керек дейтін ұсыныс айтыла бастады. Ерікті бастама ма, айтқызып отырған әлдебіреулер бар ма?
Нарын облысы Ақ-Талаа ауданына қарасты Кош-Дөбө ауылын айналып өткен темір жолдың құрылысы қарқын алған. Жергілікті халықтың тұрмысына құрылыс қалай әсер етті?
Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы АҚШ-тың Жапонияға екі ядролық қару тастауымен аяқталды. Жойқын қарудан екі қаласының күл талқаны шыққан жапон билігі берілу туралы шешім қабылдаған. 80 жыл бұрын атом бомбасы жарылған екі қаланың бірі Хиросима қазір гүлденген, дамыған қалалардың қатарында.
Израильдің кезекті соққысынан Газаның оңтүстігінде кемі 20 адам қаза тапты. Олардың ішінде халықаралық БАҚ-та істеген бес журналист бар. Израиль билігі соққыны «қасіретті инцидент» деп атап, тергеу басталғанын мәлімдеді.
14 тамыз күні Қазақстан тарабы Қытай берген ақпаратқа сілтеп жауап берген. Онда 48 жастағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпағаны айтылған. Қос азаматтық екі елде де «заңсыз».
Қытай шекарасында қытай полициясы ұстаған Әлімнұр Тұрғанбайдан әлі күнге дейін хабар жоқ. Әйелі Гүлдария бір айдан асса да, күйеуінің не тірі, не өлі екенін біле алмай отыр. Ол бірнеше рет наразылыққа шыққаны үшін айыппұл арқалады. Қытай жағы Әлімнұр Тұрғанбай Қытай азаматтығынан шықпаған дейді.
Қазақстандық құқық қорғаушы Евгений Жовтис 70 жасқа толды. Ол отыз жылдан астам уақыт бойы өзі құрған Адам құқықтары жөніндегі бюроны басқарып, беделді ұйымға айналдырды.Азаттық Жовтистің мерейтойы қарсаңында одан сұхбат алып, жетістіктері, құқық қорғау жұмысындағы келеңсіз оқиғалар туралы сөйлесті.
Астананың әкімшілік соты Азаттық радиосының жеті журналисіне аккредитация беруден бас тартқан Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің шешімін заңды деп таныды. Министрлік бұлардан бөлек, Азаттықтың тағы тоғыз қызметкеріне аккредитация бермей отыр. Олар да сотқа талап арыз түсірген.
Ауғанстаннан Пәкістанға босып барған, ұлтымыз қазақ дейтін үш жүзден астам адам Қазақстан билігінен жәрдем сұрап, үндеу жариялады. Олардың сөзінше, тамыздың басында Пәкістан үкіметі елде заңсыз жүргендерді депортациялау туралы шешім шығарған.
Ауғанстаннан Пәкістанға босып барған ұлты қазақ үш жүзден астам адам Қазақстан билігінен көмек сұрады. Олар Пәкістан билігі елде заңсыз жүргендерді депортациялауды ұйғарған соң әрі-сәрі күйде екенін айтады. "Талибан" қозғалысы басқаратын Ауғанстанға қайтып барсақ, тағдырымыз не болады деп алаңдайды.
Қарағандыдағы «Сары-Арқа» әуежайының бақылау пакеті бұрынғы ресейлік кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі. Атырау әуежайын қатарлық кәсіпкерлер сатып алды дегенімен, онда ресейлік мамандар көбейген. Кейбір басылым инвестордың түпкі иесі ресейліктер деп ақпарат таратқан.
Тағы