Қазақстан парламенті бейсенбі күні Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қабылдады. Сенаттағы талқылауға қатысқан Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев заң өзгерістерін "барша БАҚ өкілдері қолдағаны" туралы мәлімдеді. Сөз бостандығын қорғаушы Тамара Калеева министрдің сөзін "салдарын түсінбеушілікке" немесе "қулыққа" балайды.
Мансур 13 жаста болса да, тоғыз адамы бар отбасын асырап отыр. Ол қарындастары мектепте оқысын деп Кабул көшелерінде арба сүйрейді.
Осы аптада Bloomberg БТА Банкінің «жоғалған активтерін» іздеу, Әблязов және Храпуновтың отбасына «Атлант мұхитының екі жағынан» тағылған айыптар жайлы егжей-тегжейлі жазған. Батыстың өзге БАҚ-тары Қазақстан интернетті бақылауды күшейтті және телеаудитория үшін таласта Ресейден ұтылып отыр деп жазған.
Азаттық 60 секундта Қазақстан тәуелсіздігінің тарихын шолып шықты.
Ресейде тұтыну тауарларының бағасы тамыз бен қыркүйекте арзандаған соң қазан айынан бері қайта қымбаттап жатыр. Билік елде күтпеген жерден азық-түлік дефляциясы байқалғанын айтады. Шынымен солай болды ма? Азаттықтың Орыс қызметі билік деректерімен салыстыру үшін азық-түлік пен өзге тұтыну тауарлары мен қызмет түрлерінің бағасына жыл бойы бақылау жүргізген жобасын жалғастырады.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков 13 желтоқсанда Өзбекстанға барды. Президент аппаратының хабарлауынша, мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы ресми сапары барысында Жээнбеков Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, премьер-министр Абдулла Арипов және парламент спикері Нигматилла Юлдашевпен кездеседі.
Қырымда Феодосия қаласының тұрғыны, қырым татары Сулейман Қадыровтың соты басталмақ. Оны Facebook әлеуметтік желісінде "Қырым – Украинаның жері" деп комментарий жазып, сепаратизмге шақырды деп айыптайды. Алдын ала сот тыңдауы 11 желтоқсанда жабық жағдайда өткен, іске қатысты алғашқы сот отырысы 20 желтоқсанға белгіленген.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының төрт шахтасының кеншілері желтоқсанның 11-і түнгі ауысым біткеннен кейін жер бетіне шығудан бас тартты. Көміршілер кәсіподағының жетекшісі Марат Мирғаязов «шахтерлердің негізгі талабы – жалақыны 100 пайыз көбейту» екенін хабарлады.
Кіші Гэри Пауэрс әкесі - америкалық әскери ұшқыш жайлы мәліметтерді баяғыдан жинап келеді. 1960 жылы үлкен Пауэрс Байқоңыр мен Арзамас-16 ядролық қаруды құрастыру орталығын әуеден суретке түсіруі тиіс болған, бірақ оның ұшағын атып түсірген, ал кейінірек ұшқышты совет барлаушысы Рудольф Абельге айырбастаған.
Гэри Пауэрстің баласы кіші Гэри Пауэрс әкесі жайлы мәліметтерді жинақтап жүргеніне ондаған жылдар болды. 1960 жылы АҚШ-тың әскери ұшқышы Гэри Пауэрс СССР-дің Байқоңыр полигоны мен Арзамас-16 ядролық қару құрастыру орталығы сияқты әскери нысандарын фотоға түсіріп алуы тиіс болған.
Грузияның экс-президенті, Украинаның Одесса облысының бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер Михаил Саакашвили осы аптада екінші мәрте ұсталғаннан кейін Киевте жүздеген адам наразылық акциясына шықты. Саакашвили абақтыда аштық жариялайтыны туралы мәлімдеген.
Республикада спорттың қысқы түрлерімен айналысатын спортшы жоқ екеніне қарамастан, Шешенстан басшысы спортшыларға олимпиадаға қатысуға тыйым салды.
Украинаның Донецк облысы Авдеевка елді мекені маңындағы үкімет әскерінің бақылауындағы өндірістік аймақта қару дыбысы толастамайды десе болады. Украиналық әскерилер мен Ресей қолдау танытатын сепаратистердің ұрыс позициялары бір-бірінен гранат тастам қашықта орналасқан.
Қырғызстан парламентінде экс-президент Алмазбек Атамбаевтың атын салынып жатқан Солтүстік-Оңтүстік күрежолына беру туралы ұсыныс айтылды. Жақтастар да табылғанымен, қарсы депутаттар да бар.
Заң қабылданды, қолданылатын жері де табылды, бірақ оны қолдану тәртібі түсініксіз болып тұр. Ресейдегі өзге ел БАҚ-тарын "шетел агенті" деп тіркеу туралы күшіне енген заң қазір осындай күйде. "Агенттер" тізіміне Азаттықтың Орыс қызметі мен оның "Фактограф", "Сибирь.Реалии" жобалары да енгізілген. Ал мемлекеттік дума "шетел агенті" деп танылған БАҚ тілшілерін Федералдық кеңес ғимаратына кіргізуге тыйым салу туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Ресей құрамасы 2018 жылғы ақпанның 9-ы мен 28-і аралығында Пхенчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиадаға қатыспайды, "қатаң допинг шарттарына" сай, бұрын допинг дауына ілікпеген ресейлік жеке спортшылар әлемдік додаға олимпиада туы астында қатысатын болды. Әзірге олимпиадаға «бейтарап мәртебемен» қатысатын ресейлік спортшылардың аты-жөні аталмады. ХОК мәлімдемесінде оларды арнайы комиссия іріктейтіні айтылған. Осындай шешімді Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) желтоқсанның 5-і күні Лозаннадағы (Швейцария) арнайы отырыста қабылдады. ХОК Ресейді "спортшыларының допинг қолдануын мемлекеттік тұрғыда қолдады" деп айыптайды. Ресейдің олимпиада комитетінің біліктілігі жойылды, ал спорт министрі болған Виталий Мутко олимпиадаларға қатысы бар жұмыстар атқару құқығынан айырылды.
5 желтоқсан күні Халықаралық олимпиада комитеті "мемлекеттің қолдауымен допинг қолдану" айыбына ұшырауына байланысты Ресейдің 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өтетін Қысқы олимпиадаға қатысуына тыйым салды.
Украина қауіпсіздік қызметінің Михаил Саакашвилиді ұстамақ болған әрекеті сәтсіз аяқталды. Саакашвилидің жақтастары ол отырған қауіпсіздік қызметі микроавтобусының жолын бөгеп тастаған. Соңынан олар саясаткерді көліктен суырып шығарды.
Тағы