Жұртқа танылғанына біраз болған Игорь Чайка (Мәскеу облысы губернаторының экс-кеңесшісі, Ресейдің бас прокуроры Юрий Чайканың баласы. – ред.) «Зальцбургте - Моцарт , ал Клинде Чайковский туған» деген уәжбен Мәскеу облысындағы Клин қаласын «Зальцбургке айналдыруға» жуырда ғана уәде еткен болатын. Жергілікті билік бұл мәселені өзгеше жолмен шешіп, қала орталығынан Чайковскийдің ескерткішін алып тастауды ұйғарған.