Грузиядағы наразылық акциясына шығып жүрген студенттер мен оқушылардың артында тұрған біреу бар ма деген сауалға жауап жоқ. Жастар көшбасшысыз, өздері ұйымдасып шығып жүргенін айтады. Ешбір партияға жатпайтындардан құралған наразыларға өзгелер де жұмыла кетеді дейді сарапшылар.
Қазақстан ба, штрафстан ба? "Ақ жол" партиясының төрағасы кімге, неге ашуланды? Халықтың тең жартысы айыпты ма? Қазақстанда биыл тоғыз айда 10 миллионнан аса адам әкімшілік жауапқа тартылған. Айыппұл бюджеттің жыртығын жамай ма? Жыл сайын үкіметтің сандығына миллиардтаған теңге түседі.
Жолдағы көлік кептелісі Қырғызстан астанасы Бішкек пен Қазақстанның ірі қаласы Алматының халқына да, экономикасына да кері әсер етіп отыр. Бұл екі қала да совет кезінде салынғандықтан, қазіргідей көлік нөпірін көтере алмайды.
- Оңтүстік Корея президенті бір түнде неге екі сөйледі? Парламент оған импичмент жарияламақ. - Кореяда жұмыста талай қазақ баласы. Елдегі ахуалды олар қалай сипаттайды? - Доллар қымбаттап, теңге құнсызданды. Базарда азық-түліктің бағасы өсті. Қайда барады?
Оңтүстік Корея парламенті қарсы дауыс берген соң, президент Юн Сок Ель елде әскери режим тәртібін енгізу жөнінде шығарған шешімінің күшін жоюға мәжбүр болды. Алты сағатқа созылған әскери режим елдегі саяси партиялар қызметіне, наразылық пен ереуіл өткізуге тыйым салып, цензура енгізген еді.
Ем іздеп келіп зорлық көрген. Шымкентте психдиспансерге жатқызылған қыздар санитарлардың үстінен шағым айтты. Қазақстанда зорлық құрбандарының құқығын қорғайтын ұйым жабылып қалуы мүмкін. Оған не себеп? Қазақстанда Ресейдің "белгісіз солдат" күнін атап өтті. Қырым аннексиясына қатысы бар ма?
Азаттықтың Грузин редакциясының фототілшісі Тамуна Чкареулидің Тбилисидегі жаппай наразылықтың ортасынан әзірлеген фоторепортажы
Грузия халқы толқып тұр. Жұрт "Ресейдің бөлшегі болғымыз келмейді" дейді. Үкімет "наразылық майданға ұласпайды" дейді. Халық парламент алдына тағы жиналды. Қандай қауіп бар?
Сирияда бірнеше жылға ұласқан тыныштық бұзылды. Башар Асад арқа сүйеген Ресей мен Иран көршілерімен қақтығысқа күш жұмсап жатқан тұста, Сириядағы оппозициялық топтар үкімет бақылауында болған қалаларды басып алды.
Грузия үкіметінің Еуроодаққа қосылу туралы келіссөзді тоқтата тұру жайлы шешімі елде даулы парламент сайлауынан соң болып жатқан наразылық отына май құйғандай болды. Бейбіт шеруге полиция қатыгездік танытқаны жөнінде видеолар тарағаннан кейін шерудің қатары көбейіп, наразылық ауқымы кеңейе түсті.
Өзбекстанда әйелге қатысты көкейкесті мәселе биік мінбелерден айтылып жүрсе де, жағдай оңалмай отыр дейді қоғам белсенділері. Олар отбасындағы әлімжеттік әйелді қоғамның тең құқықты мүшесі ретінде қабылдамайтын патриархал елдегі гендерлік зомбылықтың бір бөлігі екенін айтып отыр.
Теңге құнсызданды. Бірақ Ұлттық банк төрағасы азық-түлік бағасы айтарлықтай қымбаттамайды деп отыр. Санкциядағы Ресей рублі де құлады. Қазақстан валютасы рубльге қаншалық тәуелді? Жаңаөзенде алты талап қойып тұрған мұнайшылар ереуілі басталғалы 18 күн. Еңбек дауына Астана араласа ма?
Қазақстанда АҚШ валютасының бағасы аспандап барады. Ақша айырбастау бағамдарында 1 доллар 524 теңгеге дейін жетті. Астанадағы ҰҚШҰ саммитінде Путин "Киевтегі шешім қабылдау орталықтарына зымыранмен шабуыл жасауды ойластырып жатырмыз" деді.
Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің басшылары халықаралық және аймақтағы ахуалды жабық жиында талқылады. Украина мен Ресей өзара соғыста алысқа ұшатын зымырандар қолданып жатқан шақта оның ҰҚШҰ-ға әсері жөнінде түрлі болжам айтылып отыр.
Ресей президентінің ұшағы Астанада қонды. Путинніңбұл мемлекеттік сапарда көздегені не? Кремль "Росатом" Қазақстанмен бірге ауқымды жобаларға дайын" деді. АЭС-ті Ресей салмақ па? Израиль мен "Хезболла" арасында атысты тоқтату ралы келісім күшіне енді.
Миллиардер Тимур Құлыбаев пен Бас прокуратураның соттасып жатқаны хабарланды. Зерттеуші журналистер кәсіпкерге қатысты қандай схеманы әшкереледі? Қазақстан мұнайы таусылып барады. Парламент депутаттары неге алаңдап отыр?
Ақтөбеде полигонда қарауылда тұрған сарбаз қаза тапты. Әскери гарнизон "өзін-өзі атты" дейді. Үш жылда 270 қаза. Әскердегі өлімнің жиілеуіне не себеп? Грузияда наразылық басылмай тұр. Жаңадан сайланған парламентті мойындамаған оппозиция жақтастары алаңға шатыр тікті.
Тағы