Ирақ қарапайым азаматтар үшін ғана емес, солардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет үшін де қауіпті болып тұр. Жуырда Ирақтың Фаллуджа қаласында сондай 4 күзетті көтерілісшілер азаптап өртеп өлтіргені аян. Ирақтағы ресми адамдар мен маңызды нысаналарды күзетуге әскер ғана емес бұрын әскерде болған азаматтар тартылып отырғаны аян. Олардың дені Америка азаматтары.
Ирақтың Фаллуджа қаласында сәрсенбі күні болған қатыгез оқиға дүниені дурр сілкіндіргендей болды. Ақ Үй өкілі Ирақтағы шабуылшылардың бұндай қатыгездігіне қарамастан біз қорқып –үркуден аулақпыз. Біз өз алға қойған мақсатымыз, яғни, Ирақтағы билікті осы жазда демократиялық Ирақ үкіметінің қолына беру жөніндегі мақсатымыздан таймаймыз деді.
Ол қорытынды бойынша Аджария өлкесі парламенттегі орындардан айырылған. Аджария басшысы Аслан Абашидзе енді Аджарияда референдум өткіземін деп мәлімдеп берілген дауыстарды қайта санауға Тбилисиге өз адамдарымды жіберемін деп отыр.
Ауғанстанға демеуші елдердің Берлинде сәрсенбінің сәтіне басталғалы отырған конференциясын НАТО ның Ауғанстан бойынша өкілі Хикмет Чэйтин жомарттық танытуға шақырды. НАТО ның Ауғанстан бойынша өкілі Чэйтин Ауғанстанның кәзіргі әкімшілігін қаражат жағынан қолдау бұл елдің фундаментализм мен эктремизм батпағынан аман алып қалудың бірден-бір кепілі деді.
Ұлыбритания үкімет басы Тони Блэйр бейсенбі күні Триполи сыртында Ливия көсемі Муаммар Каддафимен тарихи кездесу өткізгеннен кейін екі ел арасында жол ашылған жаңа ынтымақтастықты көтере мақтады.
Халықаралық айыптауларға қарамастан Израил исламшыл Хамас ұйымының жетекшілерін өлтіру саясатын жалғастыра бермек ниетін мәлімдеп отыр. Бұл мәлімдемесін Израил жағы осы аптада Хамасдың рухани көсемі шейх Ахмед Яссинді өлтіргеннен кейін жасады. Соныңмен терроризм деген тауқыметі жекелеген адамдарды оққа байлап ату арқылы шешуге бола ма?
Жұма күні Иран жаңа парламент үшін дауыс береді. Бірақ бұ сайлау Иранда Ислам төңкерісі болған 1979 жылдан бергі ең жаман саяси дағдарыс жағдайында өтіп отыр. 2 мыңнан астам реформашыл үміткерді билік басындағы Қорғаныс Кеңесі тізімнен шығарды. Талдаушылардың болжауынша дауыс беруге халық тым аз жиналмақ. Кертартпалар парламентте көп орынды иеленбек. Иранда реформашыл қозғалыс әлсіремек.
Ауғанстаннан Мароккоға дейін созылып жатқан үлкен Таяу Шығыста НАТО-ның ұзақ мерзімдік рөлін орнату қажет деп АҚШ НАТО-ның өзге мүшелеріне күш салып отыр. Яғни, дәлірек айтқанда АҚШ-ның бұл ұсынысына орай НАТО ұйымы ішінде айтыс-тартыс бар.
Сәрсенбі күні Германия Франция және Ұлыбритания жетекшілері Берлинде бас қосады. Бұл саммит Еуроодақ бағытын өзгертіп жіберуі мүмкін деген болжамдар бар. Алайда Германия канцлері Герхард Шредер, Франция президенті Жак Ширақ және Ұлыбритания үкімет басы Тони Блэирлер бұл саммит мақсаты Еуроодаққа бағыт сілтеу дегенді жоққа шығарады. Бір нәрсе анық. Бүгінде Еуороодақ бір жағынан орасан кеңейіп, екінші жағынан ортақ Конституция қабылдау машақатын бастан кешіп отырғаны анық. Енді бұ жәйлі толығырақ мәліметті әріптесіміз С.Е. дайындаған хабардан ала аласыздар
Әлем бойынша СПИД дертімен адамның иммундық жетіспеушілігін қоздыратын вирус енді Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінде барған сайын шапшаң тарауда делінеді БҰҰ баяндамасында. Аталмыш құжат өтпелі кезең қиыншылықтарын жеңе білген бұл аймақ үкіметтері енді жоғарыда аталған індеттерді де жеңе білуі керек деп біледі.
Өткен сенбі күнгі Ирақтың Фаллуджа қаласында полиция бекетіне болған шабуылда 20 адам опат болғаны аян. Шабуылшылар қамауда отырған тұтқындарды босатып жібергені белгілі. Осы оқиға тұсында бір байқалған нәрсе- шабуылдың мұқият ұйымдастырылуы. Бұл шабуылдың сыртында да Ал-Каида мен Саддамға адал күштер болды делініп отыр. Алайда, олардың нақты кімдер екені белгісіз.
Мәскеу жағы Шешенстанда жағдай қалыпқа түсе бастады десе құқық қорғау ұйымдары бұл республикада адам құқықтары әлі де тапталып жатыр деп дабыл қағуда. Құқық қорғаушылар Шешенстан тұрғындары екі жақтан да Ресей жасақтары тарапынан да, шешен көтерілісшілері тарапынан да запа шегіп отыр дейді.
Сәрсенбі күні Конгресс комитеті алдында сөйлеген сөзінде АҚШ қару сарапшыларының бұрынғы жетекшісі Дэвид Кей өткен жылы соғыс алдында Ирақта жойқын қарудың болғаны дәлелденбеген еді деді.
Тағы