Жазылыңыз
Азаттық Азия (Azattyq Asia) – Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орталық Азия бойынша бөлімі.
2024 жылғы қазанда құрылған бұл бөлім Орталық Азиядағы орыстілді редакцияларды біріктіріп, аймақтағы оқиғалар жайлы орыс тілінде хабар таратады.
Әлеуметтік желідегі парақшалары: Instagram, Telegram, WhatsApp, TikTok
ФИФА Өзбектан құрамасының шабуылшысы Элдор Шомурадовтың әлем кубогында Конго ДР қақпасына салған голын топтық кезеңнің үздік голы деп таныды. Оның әуелете салған голы 36 пайыз дауыс жинаған.
Орталық Азияда егде жастағы ата-анаға қарау қасиетті борыш саналады. Ал қарттар үйіне көзқарас әлі де жағымсыз күйде қалып отыр. Бірақ аймақ елдерінің халқы қартайып жатыр, ал деменция, Альцгеймер, инсульт ауруларына шалдыққан адамдарға күні-түні күтім керек.
Ресей Орталық Азия елдерінде мектеп мен білім беру орталықтарын салуға жүздеген миллион доллар бөліп жатыр. Сарапшылар мұны Мәскеудің Украинаға басып кіргеннен кейін әлсіреген ықпалын сақтап қалуға және аймаққа назар бұра бастаған өзге державалардың мүддесіне қарсы талпынысы ретінде бағалайды.
Қытайдың Tencent атты алпауыт технологиялық компаниясы Қазақстандағы ең ірі цифрлық экожүйе әрі супер-қосымша — Kaspi-дің акциялар пакетін сатып алып, ел нарығына енді. Былтыр бұл компания Өзбекстанның жетекші финтех-жобасына да инвестиция құйған.
Орталық Азия елдерінің азаматтары арасында өз еркімен әскери келісімшартқа отырып, Украинаға аттанатындар саны артып келеді. Мұны құқық қорғаушылар, журналистер мен оқиға куәгерлері айтып отыр. Соғысқа барудың басты себебі ретінде ақша мен Ресей азаматтығын алу мүмкіндігі аталады.
16 жастағы Тимур Турков соғысқа қарсы көзқарасы үшін туған елі Ресейді тастап, Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтті. Орал қаласына жетіп, саяси баспана сұраған бозбала қылмыстық іс бойынша сотқа тартылып, оған депортация қаупі төнді.
Уроженец России, гражданин Казахстана, миллиардер из списка Forbes. Тимур Турлов известен в Казахстане и за его пределами как основатель и владелец холдинга Freedom Holding Corp, который объединяет брокерскую компанию, страховые организации, банк, онлайн-сервисы.
Қазақстанда құрылысы басталады деген үш жылу орталығын Ресей салмайтын болды. Жұмыс ресми түрде басталды: келісімшарттарға қол қойылып, мерзімдері белгіленді, алаңдарды дайындап жатыр. Бірақ жауапсыз сұрақ көп: құны триллион теңгеден асатын нысандарды енді кім және қандай шарттармен салмақ?
Қазақстанда бірталай журналистердің ұсталғаны, олардың үстінен қылмыстық және әкімшілік іс қозғалғаны медиа қауымды алаңдатып отыр. Билік өкілдері "адам аузына ие болуы керек" дейді.
Ресейдің кей өңірінде елдің қолындағы ірі қара малды жаппай жою жалғасып жатыр. Жұрттың наразылығын тудырған шараны билік пастереллез, құтыру ауруымен байланыстырады. Бірақ кейбір мамандар аусыл індеті шыққан болуы мүмкін дейді. Осыған ұқсас мал ауруы Орталық Азия елдерінде де байқалып отыр.
Конституция жобасы бойынша референдум күні таңнан кешке дейін Алматыдағы түрлі сайлау учаскесінде болған үш тәуелсіз байқаушы Азаттық Азияға қала мен елдегі жалпы көріністен айтарлықтай ерекшеленетін дауыс беру хаттамаларын қалай алғанын айтып берді.
Әлем елдерінде мемлекет басшыларының денсаулығына қатысты ақпаратқа көзқарас әртүрлі. Ұлыбритания немесе АҚШ сияқты демократиялық мемлекеттерде президенттің немесе монархтың халін халық біліп отырады. Ал Орталық Азияда жағдай мүлде басқа: бұл тақырып жабық немесе мемлекеттік құпия. Сондықтан мемлеке
Қырғызстанның салық қызметі ҰҚМК-ның бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің отбасы "Қырғызмұнайгаз" мемлекеттік компаниясы арқылы қалай байығанын жария етті. Бұған дейін мұнай саласында заңбұзушылықтар барын тәуелсіз журналистер зерттеуі әшкере еткен.
Кейінгі бірнеше жылда Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанда, оған дейін Тәжікстанда Конституцияны өзгерту жөнінде референдумдер өтті. Талдаушылар бұл өзгертулер ең алдымен осы бастаманы көтергендерге жағдайын нығайту үшін керек болды дейді.
Тағы