Жазылыңыз
Азаттық Азия (Azattyq Asia) – Азат Еуропа/Азаттық радиосының Орталық Азия бойынша бөлімі.
2024 жылғы қазанда құрылған бұл бөлім Орталық Азиядағы орыстілді редакцияларды біріктіріп, аймақтағы оқиғалар жайлы орыс тілінде хабар таратады.
Әлеуметтік желідегі парақшалары: Instagram, Telegram, WhatsApp, TikTok
Орталық Азия елдерінде мемлекет пен оған жақын институттар азаматтарға заң бойынша не істеуге болатынын ғана емес, қандай әрекет «дұрыс» екенін де анықтауға тырысады. Қоғамдық тәртіпті реттеу қай жерде аяқталып, жеке өмірге араласу қай жерден басталады? Аймақта бұл шекара кейде анық байқалмайды.
Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзияеваға жаңа өкілет берілді. Енді ол елдің Қауіпсіздік кеңесінің құрамына кіріп, қызметтен кеткеннен кейін де күшін жоймайтын ерекше құқықтық иммунитетке ие болады. Мұндай өзгерістің астарында не жатыр?
Қазақстан – өзара бәсекелес ЖИ бастамасына қосылған жалғыз мемлекет. БАҚ таратқан ақпаратқа қарағанда, енді Астананы таңдау жасауға итермелеп жатыр.
Қазақстанда халықаралық қатынастар саласының профессоры, 46 жастағы өзбек зерттеушісі Икболжон Қорабоев тыңшылық бабымен ұсталды. 3 шілдеде Астанадағы үйінен оны жай киім киген бірнеше адам ұстап әкеткен. Туыстары онымен екі айдан бері кездесе алмай жүргенін айтады.
Қазақстандағы жаңа Конституция бойынша өткен парламент сайлауы Батыс ақпарат құралдарының назарын аударды. Біраз медиа бұл сайлауды "косметикалық" және президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігін "нығайтатын" шара деп сипаттады әрі онда "ескі Қазақстанның белгілері бар" деп жазды.
Ташкент жаңа ірі әуежай салуды жоспарлап, алысқа ұшатын әуе кемелерін сатып алып жатыр және Орталық Азияның негізгі әуе хабына айналғысы келетінін мәлімдеп отыр. Аймақтағы ең ірі көлік торабына айналу ниеті Қазақстанда да бар. Екі ел бәсекеге түскелі тұр ма?
Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан мемлекет зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түскен табыс инфляциядан төмен болған жағдайда азаматтарға айырманы өтемейді. Осыған дейін өтеп келген және бұл жүйе 20 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келді.
Астана соты "Ахуал сегодня" YouTube-арнасының авторы Азамат Омаровты қамауда қалдырды. Журналист 18 шілдеден бері тергеу абақтысында отыр. Қазақстанның медиақауымдастығы елде тәуелсіз журналистер мен сыни пікір айтқандарға қысым күшейіп, ақпарат кеңістігі аясы тарылып жатқанын айтады.
Шілденің ортасында Ташкентте президент кортежі өткен жолда апат болып, салдарынан екі адам қаза болды. Осыдан соң, мемлекет басшыларына ұзын-сонар автоколоннаның қажеті не деген талқы туды. Мұндай кортеждер қала тұрғындарына қолайсыздық тудырып, кейде азаматтардың өміріне қауіп төндіріп жатады.
Тағы